Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің ..." -- 13 Ақпан 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ..." -- 13 Ақпан 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ ..." -- 05 Ақпан 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары..." -- 04 Ақпан 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және ..." -- 31 Қаңтар 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас ..." -- 30 Қаңтар 2020
АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ -- "Аудан әкімі Әшім Оразбекұлының ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ..." -- 29 Қаңтар 2020
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ -- "АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ Облыс ..." -- 29 Қаңтар 2020
БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді -- "БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді   ..." -- 27 Қаңтар 2020

Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан тампонажды цемент зауытының ауласында орналасқан уақытша жатақханада өрт шықты. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы топ жұмыс жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте айтылды.

Руслан ҚАЙРАҚБАЕВ, Қызылорда облысы ТЖД өрт саласындағы бақылау және профилақтиклық қызмет басқармасының бастығы:

- Шиелі ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлім бекетіне жаңадан салынып жатқан цемент зауытының өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері барғанда 10x20 шаршы метр уақытша салынған жатақхана толығымен жанып кеткен. Отты оқшаулағанда жатақхана ішінен 1976 жылы туылған Қытай Республикасы азаматының мәйіті табылды. Оқиға орнына өрт сынақ зертханасының мамандары жіберілді.

Қаза болған азамат " Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг" ЖШС- филиалының қызметкері. Сонымен қатар, марқұмның Қытай Республикасы, Жансу елді мекенінің тұрғыны Жоу Бейдің мәйіті екені анықталды.

Айта кету керек, өрт сағат 12.13-те басталып, төтенше жағдайлар қызметкерлері 12.20-да оқиға орына жеткен. Ал, 12.50-де оқиға орын оқшауланып, 13.00-де өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Scroll to top