АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай, бекітілген негізгі шаралар жоспарына сәйкес еліміздің шалғай орналасқан елді мекендерде «Азаматтарды көшпелі 20 қабылдауы» шарасы аясында Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округінде азаматтарды көшпелі қабылдау өткізілді.
Көшпелі қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі М. Баекеев және жергілікті мемлекеттік орган басшылары мен Аудандық жұмыспен қамту
орталығының мамандары, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері – мәслихат депутаттары, облыстық және аудандық кәсіпкерлер палатасының бизнес – менеджерлері, медициналық мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты: Тұрғындардың өзекті мәселелерін зерттеу, ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына, мемлекеттік және партиялық бағдарламарға түсіндірме жүргізу, тұрғындармен өзара байланыстың тиімділігін арттыру. 
Қабылдау барысында тұрғындарға тегін медициналық тексерулер мен қызметтер көрсетілді, кәсіпкерлік саласын дамыту мен басқа да мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беру жүргізілді.

Scroll to top