
Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан тампонажды цемент зауытының ауласында орналасқан уақытша жатақханалардың бірінен өрт шықты. Аталған оқиғаға байланысты арнайы топ жасақталып, жұмыс істеуде. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Тұрмат Жағыпбаров баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Мәлім болғандай, Шиелі ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлім бекетіне жаңадан салынып жатқан цемент зауытының жұмысшыларының уақытша жататын жатақханаларының бірінен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері барғанда жатақхана ғимаратының жанып жатқаны белгілі болды. Өрт толықтай сөндірілгеннен кейін ғимарат орынын тазалау барысында «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШС-і филиалының қызметкері Қытай Халық Республикасы, Жансу елді-мекеннің азаматы 02.04.1976 жылғы Жоу Вейдің мәйіті табылды.
Айта кету керек, өрт сағат 12.13-те басталып, төтенше жағдайлар қызметкерлері 12.20-да оқиға орына жеткен. Ал, 12.50-де оқиға орны оқшауланып, 13.00-де өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Зауыттағы құрылыс жұмыстары қалыпты жағдайда жалғасуда, ахуал тұрақты.
Аудан әкімдігі тарапынан жауапты қызметкерлер белгіленіп, қауіпсіздік шаралары бақылауға алынды.
-
Жаңартылған уақыты: 21 Қараша 2018
Кірушілер есебі
Бүгін | 190 |
Кеше | 339 |
Осы аптада | 2002 |
Осы айда | 6942 |
Барлығы | 102995 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- Өткізілген конкурстың әнгімелесу қорытындысы бойынша конкурстық комиссиясының қабылдаған шешімі 2017 жыл
- Елбасы Денис Теннің отбасына көңіл айтты
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
- Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы
- Шиелі ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы