Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

2018 жылдың 22 маусым күні аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күніне орай, салтанатты шара өтті. 
Шара барысында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады. "Мемлекеттік қызметтің ел алдындағы аса абыройлы да жауапты жұмыс екендігі баршамызға мәлім. Қоғамның кез келген саласында кадр мәселесінің маңызы зор. Әсіресе мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың білімді де білікті болуы мемлекеттік қызмет сапасының артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Бұл мәселеге Елбасымыз айрықша көңіл бөліп отыр. Өйткені еліміздегі саяси-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты", - деп атап өтті Ә.Оразбекұлы.
Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған аудан әкімдігінің қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері облыс және аудан әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің алғыс хаттары табысталды. 
Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Видео ақпараттар

Scroll to top