Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады -- "Синоптиктер 23-25 қазан аралығына арналған ауа ..." -- 22 Қазан 2018
«АСЫЛДАР ТУҒАН, ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН - ШИЕЛІ» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ -- "«Алтын күз – 2018» мерекесі «Асылдар туған, ..." -- 22 Қазан 2018
«ШИЕЛІ ШЕЖІРЕСІ» АТТЫ ШИЕЛІ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ШЫҒАРЫЛҒАН КІТАПҚА АРНАЛҒАН ... -- "    «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында ..." -- 22 Қазан 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ -- "Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған ..." -- 22 Қазан 2018
Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті -- "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы бизнес ..." -- 18 Қазан 2018
ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында аудан ..." -- 18 Қазан 2018
Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018

«БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының Шиелі елдімекеніндегі қызмет көрсету орталығының бастығы Мөлдір Ботабайқызы Досжанованы әңгімеге тартқан едік.

  • Қордағы бүкіл қаражатты бір мезетте кімдер алып кете алады?

Зейнеткерлердің барлығы бірдей өздерінің зейнетақы жинақтарын бір мезетте ала алмайды. Бұл зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты жүзеге асырылады.

Әрине, қазір де зейнетақы жинақтарын бір жолғы төлем ретінде алуға болады. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді.

Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге.

Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.

Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан 1 теңгеге асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады. Сонымен қатар егер зейнетақы шотындағы жинақтардың қалдық сомасы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болса (15 273 теңге 36 тиын), ол кезекті төлемнің сомасына қосылып төленеді.

 

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыныңзейнетақы жинақтарын инвестицияламайтындығын оқыдым, сонда зейнетақы активтерін кім басқарады?

Елімізде зейнетақы активтерін басқару бойынша шешімдер қабылдаудың көп деңгейлі жүйесі құрылған.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкі сенімгерлікпен басқарады. Бұл ретте зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске жүктелген.Кеңес құрамына ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Есеп комитетінің, ҚР Парламенті Сенаты мен  Мәжілісінің төрағалары және қаржы-экономикалық блоктың министрлері енген.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Оның құрамына: Үкіметтің екі өкілі, Парламенттің екі депутаты, Ұлттық Банктің екі өкілі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жалпы санының отыз пайызынан кем болмайтын тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Зейнетақы активтері сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына ғана инвестицияланады. Ал олардың тізбесі жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіліп отырады. Бұл қаржы құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары және басқа да қаржы құралдары бар.

  • Жылжымайтын мүлікті сатып алу, шет елде емделу немесе балалардың оқу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға бола ма?

         Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.Яғни, ағымдағы заңнамада Қордағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндіктері қарастырылмаған.

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шетелден де хабарласып, ақыл-кеңес алуға бола ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – Қордың салымшылары мен алушыларына сапалы қызмет көрсету және оларға лайықты ақыл-кеңес беру. Қазақстандықтар ел аумағында мамандардан сапалы кеңес алу үшін Қордың байланыс орталығына 1418 қысқа нөмірі арқылы тегін хабарласа алады. Ал Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүргендерге, Қордың Байланыс орталығына +7 (727) 356-10-60 телефон нөмірі арқылы хабарласуға мүмкіндік берілген.

Қордың www.enpf.kz сайтында «Онлайн кеңес беруші» және «Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру» қызметтері жұмыс істейді. Бұл қызметтер Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтарға да өте пайдалы. Онлайн тәртібінде қоңырау шалу үшін «Электрондық қызмет көрсету» бөліміне кіру қажет (стационарлық компьютерлер үшін микрофоны бар қондырғы керек). Қоңырау шалу тегін, алайда ол интернет трафигі есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар осы бөлімде «Өтінішті жіберу» нысанын пайдалана отырып, Қорға өтініш жазуға болады. Мамандар қысқа мерзімде толыққанды жауаптар әзірлеп, оларды сұрақ қоюшының электронды поштасына жолдайды.

  • Зейнетақы Қорының enpf.kz сайтыныңЖеке кабинеті арқылы қалай тіркелуге болады?

      Қордың «Жеке кабинет» бөлімінде тіркелу үшін, ең алдымен зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-хабарландыру» әдісін таңдап алу қажет. Егер Сіз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кез келген бөлімшесіне барып, ақпарат алу тәсілін өзгерту жөнінде қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут қана уақытты алады. Тіркелу барысында логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөз (пароль) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиіс және әр түрлі сандар мен латын әріптерінен құралуы керек.    

Сұхбатыңызға рахмет!

Видео ақпараттар

Scroll to top