ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Құрметті, Шиелі ауданының тұрғындары! ..." -- 21 Қараша 2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады -- "2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де ..." -- 21 Қараша 2019
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады -- "«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 ..." -- 21 Қараша 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019

Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл - күн мен түннің теңесіп, жақсылық пен жарастықтың, шаттық пен шапағаттың, қайырымдылық пен ізгіліктің бастау алар күні. Наурыз – халқымыздың берекесі мен бірлігінің, ынтымақты тірлігінің, өсиеті мен өнегесінің өшпес құндылығы.

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді ой елегінен өткізіп, бүгінін бағамдап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Еліміз егемендік алғалы бері Наурыз мейрамы көпэтносты Қазақстан халқының бірігіп тойлайтын ортақ мерекесіне айналды. Елбасының қоғамдық келісім саясатын жүзеге асыруда еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың ұйытқысына айналған бұл мейрамның маңызы зор.

Бүгінде Наурыз мейрамы жалпыхалықтық сипатқа ие. Өйткені, Наурыз – ізгілік  пен ынтымақтың, бірліктің тойы.

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Наурыз мерекесімен тағы да құттықтай отырып, шанырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін дегім келеді.

Ұлыс оң, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!

Құрметпен,

аудан әкімі                                                    Ә.Оразбекұлы

Scroll to top