Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты ... -- "Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат ..." -- 28 Ақпан 2020
БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ -- "БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ..." -- 28 Ақпан 2020
КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ -- "КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ Бүгін Шиелі ..." -- 24 Ақпан 2020
БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса ... -- "Қордың ең танымал сервистерінің бірі әрбір ..." -- 18 Ақпан 2020
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ -- "ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ ..." -- 18 Ақпан 2020
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ -- "Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен ..." -- 18 Ақпан 2020
Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің ..." -- 13 Ақпан 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ..." -- 13 Ақпан 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ ..." -- 05 Ақпан 2020

Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан кейін баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс болып келсе, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүгінген азаматтың міндетті жеке қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетуді жүзеге асыруда 2018-2020 жылдары «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Проактивті мемлекет» бағыты бойынша жоспарлап, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Іске қосылған көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны Шиелі аудандық әкімдігі, Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімі бірлесе отырып жүзеге асыруға кірісті.

Пилоттық жоба аясында Шиелі аудандық перзентханасында 12.01.2018 жылы босанған Бахадырова Фариза, Масантаева Назерке, Абдураева Фаризалар проактивті әдісін қолдану арқылы нәрестелерінің туу туралы куәліктерін сол күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімінің басшысы А.Мұратбекұлы мен АХАТ бөлімінің бас маманы Ж.Кәрібаевадан салтанатты түрде алды.

Нәрестелердің туу туралы куәліктерін салтанатты түрде табыстау барысында А.Мұратбекұлы перзентханадағы өзге жүкте аналарға-«Жылдың басынан бастап проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқтығын, ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа босанған аналарға бала өмірге келісімен SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалатындығын және барлық қажетті құжаттарды sms-хабарлама жіберу арқылы рәсімдей алатындықтарын, яғни, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болатындықтарын, ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керектігін немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болатындығын»-түсіндірді. Сондай-ақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін «Мобильдік үкімет» порталдағы жеке кабинеттерінде тіркетулері тиіс» екендігін ескертті.

Видео ақпараттар

Scroll to top