ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бекназаров Бектас Әбдіханұлы және Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлының қатысуымен аудан белсенділерінің жиналысы өтті.

Шараның негізгі мақсаты елімізде қабылданып жатырған заңдар мен заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы пікір алмасуға және Елбасы тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алдында қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы барысы туралы аудан тұрғындарына түсіндіру.

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Б. Әбдіханұлы өз сөзінде елімізде жасалып жатқан ауқымды істер жөнінде әңгімелей келіп, осы уақытта жеткен жетістіктеріміз Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде екендігіне тоқтала келе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының қандай дәрежеде іске асырылып жатқандығын, неге қол жеткізгендігімізді және болашақта қай бағытта жұмыс жасау керектігін атап өтті.

Жиын соңын қорытындылаған аудан басшысы Әшім Оразбекұлы ауданымызға арнайы ат басын бұрған қонақтарға ауданның тұрғындары атынан ризашылық білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, Егемен еліміздің өркендеуі мен дамуы жолындағы істеріне толайым табыстар тіледі.

Scroll to top