ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

ҚР Президентінің 20.01.1998 жылғы Жарлығымен 22 қыркүйек күні Қазақстан халқының Тілдер мерекесі күні болып белгіленді.  

            Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.  Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді.  Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

            Елбасымыз әрқашан «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»  деген ұстанымды  қуаттап  қолдайды. 2011-2020 жылдарға арналған  тілді  дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес,  елімізде  мемлекеттік тілді қолданудың  ауқымды шаралары өткізіліп,  бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда.

            Бөлімде  іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.  Жыл сайын  департаменттің бастамасымен   мемлекеттік тілді одан әрі  дамыту,  оның мемлекеттік мәртебесін көтеру мақсатында түрлі шаралар мен байқаулар өткізіліп тұрады. Тілдер мерекесі қарсаңында Шиелі аудандық бөлімінде де мерекелік іс-шара өткізілді.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда

 облысы бойынша  филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімі

 

Видео ақпараттар

Scroll to top