АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге

қалай өзгерістер енгізуге болады?

Тұтынушылар арасында онлайн-қызметтерді алу танымалдығы артып келеді. Бұл өте ыңғайлы және ел үкіметі коронавирусқа қарсы күрес аясында қабылдаған карантиндік шараларға байланысты ерекше өзекті болып отыр.

БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) электрондық форматта, яғни кеңселерге бару қажеттілігінсіз қызмет көрсетудің енгізілгеніне де бірнеше жыл болып қалды және бұл бастама сәттілікпен жалғасын табуда.

Айта кету керек, 2018 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясы жүргізген мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі нәтижелері бойынша үздік бестікке кірді. Осы зерттеу БЖЗҚ сайтын, оның ыңғайлы интерфейсін, ауысу жылдамдығын және ақпараттың қазақ және орыс тілдерінде болуын жоғары бағалады.

Қордың барлық операцияларының 80%-дан астамы онлайн арқылы жасалады. Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өзіңіздің жинақтарыңызды онлайн бақылауға болады, сондай-ақ өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктеп алған болсаңыз, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы да бұл қызметтерге оңай қол жеткізе аласыз. Жеке кабинетте бірнеше рет басу арқылы Сіз зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және көптеген басқа да мәліметтерді көре аласыз. «Жеке кабинет»сервисін: 1) БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және ұялы қосымшада авторланудың электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе өзінің ЖСН мен паролін енгізу сияқты екі тәсілі арқылы қолдануға болады, жоғарыда көрсетілген тәсілдермен авторланғаннан кейін, саусақ ізінің көмегіне (бар болса) жүгіне аласыз; 2) www.egov.kz электрондық үкімет сайтында ЭЦҚ немесе бір реттік паролді пайдалану арқылы тұтыну мүмкіндігі бар.

ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталында еш қиындықсыз-ақ онлайн арқылы алуға болады.

Мысалы, өз деректемелеріне өзгерістер енгізгісі келетін салымшыларға (алушыларға) сайттағы «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, онда «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімін табу қажет. Сіздің алдыңызда әрекет алгоритмі толық сипатталған бейне нұсқаулық ашылады. Оларды басшылыққа ала отырып, пошталық немесе электрондық мекенжай, телефон нөмірі тәрізді байланыс ақпаратыңызға өзгерістер енгізуге және (немесе) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге болады.

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алып отыратын жеке зейнетақы шотын ашпағандар үшін 2019 жылдың 08 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді аударған кезде жоғарыда аталған шот автоматты түрде ашылатынын ескертіп өткеннің еш артықтығы жоқ. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру жарнаны аудару кезінде көрсетілген дербес деректері бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ басқа барлық қажетті мәліметтерді (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері және т.б.) Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан алады.

Видео ақпараттар

Scroll to top