ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

2020 жылғы 16 қаңтар

Зейнетақы жинақтарын интернет арқылы қадағалаған тиімді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашудың оңайлатылғанына бір жыл болды. 

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілген.

Жеке тұлға МЗЖ аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері бойынша барлық қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесіне тікелей келген кезінде хабардар етіледі. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсілін таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетіне тіркеліп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін Қор сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені алып, одан зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және басқа да ақпараттарды көруге болады.       

Жеке кабинетке қол жеткізу үшін БЖЗҚ кеңсесіне немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің трансфер-агентіне жүгініп, шоттан ақпарат алу тәсілін өзгертуге өтініш беру қажет.

Ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған соң, Қор қызметкері enpf.kz сайты және мобильді қосымша арқылы жеке кабинетке тіркелуге көмектеседі. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетінде ақпарат алу тәсілін дербес түрде өзгерте аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Scroll to top