АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылғы 16 қаңтар Зейнетақы жинақтарын ..." -- 17 Қаңтар 2020
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА -- "Аудан прокурорының өкімімен қадағалау аумағындағы ..." -- 10 Қаңтар 2020
Құрметті аудан тұрғындары! -- "Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі «Сенім ..." -- 27 Желтоқсан 2019
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясын шақыру ... -- "  Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 ..." -- 25 Желтоқсан 2019
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің зейнетақысы (ЕЭО) -- "Өмір болған соң адамдарың мекенжайын ауыстырып ..." -- 24 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ -- "Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні ..." -- 23 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ -- "Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Шиелі ауданында ..." -- 23 Желтоқсан 2019
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЛЫ ... -- "    Шиелі ауданында аудан прокуроры ..." -- 12 Желтоқсан 2019
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 11 Желтоқсан 2019
Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді -- "2019 жылдың 9 желтоқсан күні Шиелі ауданы ..." -- 11 Желтоқсан 2019

Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізілді

ШИЕЛІ ауданында аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізілді.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Б. Жаниязов жүргізіп отырды.

Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия мүшелері (тізім бойынша), аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дербес бөлім мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кезекті мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия отырысының күн тәртібіне 3 түрлі мәселе талқыланды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін зерделеу, насихаттау және дұрыс қолдану мәселелеріне байланысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Абдрахман Бағлан Сейдубатталұлыхабарлама жасады.

Өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздерді құрметтеуін қалыптастыру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сапарбай Нариман Құлахметұлы баяндады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңының орындалуы мен мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолдану жұмыстары туралы  Майлытоғай ауылдық округінің әкімі Асанов Қойшыбай Мадиярұлы, Ортақшыл ауылдық округінің әкімі Ноғайбаев Жақсылық Нұриддинұлы және Ақтоған ауылдық округінің жетекші маманы Қанағат Қалекеев есеп берді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздерді заңдылығына сай қолданылу мәселесіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне , дербес бөлім мен мекеме басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапмсырмалар берді.

Scroll to top