Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық Фракциясының отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлының төрағалығымен өткен фракция отырысының күн тәртібінде 2016-2020 жылдарға арналған Шиелі ауданының даму бағдарламасының соңғы үш жылда және биылғы жылдың 9 айы бойынша орындалу барысы туралы мәселе қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Фракция отырысына аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық партия филиалының қызметкерлері қатысты.