ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарын түсіндірді.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілетін көпбалалы және мұқтаж отбасыларға арналған көмектің жаңа әдісі тұралы айтты.
"Мемлекеттің негізгі қағидаты - шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін болады! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмек көпбалалы отбасыларды қолдауды, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілді әлеуметтік пакетті қамтитын болады", - деді Б.Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларды қолдау республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақыны енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Аталмыш мемлекеттік жәрдемақы жанұяның табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден беріледі. Ал, АӘК аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға да төленетін болады.

Министр АӘК алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Оларды жұмысқа орналастыру үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері пайдаланылатын болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі барлық отбасы мүшелері үшін тоқтатылады.
Министрдің баяндамасын мұқият тыңдап, ауыл тұрғындары мемлекеттік әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін мақұлдады.

Аудан тұрғындары зейнеткерлік және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және басқа да мәселелерді шешуге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, үкіметтік топ Шиелі ауданындағы жаңа аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Нысан 2019 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Келесі нысан "Гежуба Шиелі Цемент" зауыты жұмысымен танысумен жалғасты. Кәсіпорынның құрылысы 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Жобаның құны - 64 млрд. теңге. Орталық Азияның заманауи технологияларымен жабдықталған зауыт жылына 1 млн. тонна өнім шығаруға қуатты.
Зауыттағы мамандардың саны 258 болса, оның ішінде 211-і жерігілікті аудан тұрғындары. Соынмен қатар, Қазақстандық 46 маман Қытайда және 100 жұмыскер жергілікті техникалық колледжде мамандықтары бойынша арнайы даярлықтан өткен.

Scroll to top