ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЛЫ ... -- "    Шиелі ауданында аудан прокуроры ..." -- 12 Желтоқсан 2019
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 11 Желтоқсан 2019
Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді -- "2019 жылдың 9 желтоқсан күні Шиелі ауданы ..." -- 11 Желтоқсан 2019
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ -- "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ Қызылорда ..." -- 06 Желтоқсан 2019
АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ... -- "«Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Ә. ..." -- 05 Желтоқсан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарылған ..." -- 05 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ШИЕ АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА -- "1 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасының Тұңғыш ..." -- 03 Желтоқсан 2019
АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ -- "2019 жылғы 28 қараша күні аудан прокуроры ..." -- 03 Желтоқсан 2019
1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ -- "1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ ..." -- 30 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 29 қараша «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – ..." -- 29 Қараша 2019

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл

бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Scroll to top