БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі аудандық Орталық мешітінің бас имамы Улжаев Бақыт Бахрамұлының қатысуымен журналистерге арналған брифинг болып өтті.

Имам осы шараға қатысып отырған журналистер қауымын алдағы қасиетті мерекемен құттықтап, елдің амандығына дұға тіледі.

Брифинг барысында бас имам Бақыт Улжаев құрбан айт мерекесінің тарихын қозғап, құрбан айт мейрамының мән-мақсатын түсіндіріп, малдың қай түрлері және қалай шалыну керек екендігі айтылды. Бұл мереке күндері әр мұсылманға жағдайы келсе құрбан шалу міндет етіледі.

Құрбан айттың алғашқы күні 11 тамыз күні таңғы сағат 7:00-де ауданның барлық мешіттерінде айт намазы оқылады. Осы намаздан кейін құрбан шалушылар құрбан шалу рәсімдерін бастайды.

Сонымен қатар, мешітке қайырымдылық негізде берілген құрбандық малы еттері де мұқтаж отбасыларға таратылады. Бұдан басқа спорттық шаралар ұйымдастырылып, бауырсақ, тәтті сусын, балмұздақтар таратылатын болады.

Кездесу соңында Бақыт Бахрамұлы журналистердің сауалдарына жауап берді.

Scroll to top