
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында Бидайкөл ауылында тағы бір халыққа қызмет көрсетуші кәсіпкерлік нысаны – жиһаз жасау цехы салтанатты жағдайда ашылды. Шарада аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, ашылған нысанның жұмысына сәттілік тіледі. Гигант ауылдық округінде кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға дамып келеді. Елді мекенде 25 кәсіпкерлік нысандар жұмыс жасауда. Соның бірі осы – жиһаз жасау цехы. Нысанның иесі Қожамжаров Айдос Серікбайұлы өз қаражатының есебінен шағын «Жиһаз жасау цехын» ашып, жұмыссыз екі ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуда. Дара кәсіпкер болып тіркеліп, өз тұрғын үйінің алдында тапсырысқа сәйкес кез келген жиһаз түрін шығарады.
-
Жаңартылған уақыты: 08 Мамыр 2019
Кірушілер есебі
Бүгін | 150 |
Кеше | 633 |
Осы аптада | 150 |
Осы айда | 9882 |
Барлығы | 198715 |
Жиі қаралатын ақпараттар
- «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотеканың пайыз мөлшерлемесі арзандауы мүмкін
- Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- ТМД елдерінің СІМ басшылары 6 сәуірде Минскіде кездеседі
- Дария баққа жинаңыз
- Талаптан ауылдық округі
- «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне оптикалық- талшықты байланыс желісін төсеу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы