ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Құрметті, Шиелі ауданының тұрғындары! ..." -- 21 Қараша 2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады -- "2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де ..." -- 21 Қараша 2019
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады -- "«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 ..." -- 21 Қараша 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019

Ресейдің "Яндекс.Деньги" компаниясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде бірыңғай криптовалюта енгізу туралы идеясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости. "Нарық мультивалюталық әлемнің моделін қабылдады. Технология дамығаннан бері және электрондық ақша аударымдары пайда болғаннан бастап валютаны бір сәтте-ақ айырбастауға болады. Сондықтан халықта ел ішінде және шетелде ақша аударымдарын жасаған кезде ешқандай қиындық туындамайды", - деді РИА Новости басылымына компания өкілдері. "Криптовалюта жайлы айтатын болсақ, бұл идеяны енгізу үшін құқықтық жағдай мен оны реттеу мәселесінің қаралуы маңызды. Қандай жағдай болсын, әлемді жаңа модельге мәжбүрлеп көшіру мүмкін емес. Себебі біздің ойыншыларда (банктер, төлем жүйелері, трансұлттық компаниялар) ондай қажеттілік болып тұрған жоқ", - деді компаниядағылар. Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев әлемде бірыңғай криптовалюта енгізуді ұсынған болатын. "Әлемдік қаржы құрылымын өзгерту қажеттілігі туып отыр. Халықаралық есеп-айырысудың төлем бірлігін енгізу мәселесін қарастыратын кез келді. Криптовалюта әлемді инфляциядан және сауда қатынастарындағы қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Валюта қарапайым, ашық әрі тұтынушыларға бағынышты болуы керек. Цифрландыру, технологиялардың дамуын ескеретін болсақ, мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек", - деген еді Назарбаев Астанада өтіп жатқан экономикалық форумның пленарлық отырысында.

Видео ақпараттар

Scroll to top