БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса ... -- "Қордың ең танымал сервистерінің бірі әрбір ..." -- 18 Ақпан 2020
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ -- "ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ ..." -- 18 Ақпан 2020
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ -- "Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен ..." -- 18 Ақпан 2020
Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің ..." -- 13 Ақпан 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ..." -- 13 Ақпан 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ ..." -- 05 Ақпан 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары..." -- 04 Ақпан 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және ..." -- 31 Қаңтар 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас ..." -- 30 Қаңтар 2020

Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эвансты және «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Елбасы әуе тасымалының халыққа қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, бюджеттік компания құруды міндеттеді. Сол арқылы билет бағасы әлдеқайда арзандауы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– «Эйр Астана» является нашим главным авиаперевозчиком. Мы создавали ее совместно с Ричардом Эвансом. За эти годы была проделана большая работа. Сегодня компания зарекомендовала себя с хорошей стороны и имеет успешный имидж.

Ричард Эванс, «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі:

– Осыдан 15-16 жыл бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясын құру жөнінде сізбен келіскен едік. Осы уақыт аралығында әлемде көптеген өзгеріс болды. Енді біз де бюджеттік әуе компаниясын құруға міндеттіміз деп ойлаймын. Оның ивнестициялық қауымдастықта құндылығы жоғары болады. Сол арқылы Орталық Азияда алып хабқа айнала аламыз.

Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті:

– Әуе компаниясының билеттері әлдеқайда арзан болады. Яғни ұшақпен қатынауға мүмкіндігі аз адамдарға жайлы жағдай жасалады. Қазір әлемдегі лоукостерлердің сәтті компанияға айналуына билет бағасының төмендігі тікелей әсер етті.

Жиында азаматтық авиацияны дамытудың өзге де бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, саланы басқарудың британиялық үлгісін енгізу жұмыстарының барысы баяндалды. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілді. Айта кетейік, биыл елімізде 13 бағытта әуе рейсі ашылып, елордада «ашық аспан» пилоттық жобасы жүзеге асты.

Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті:

– Мемлекет басшысымен бірқатар маңызды мәселені талқыладық. Атап айтқанда, «Эйр Астананың» бюджеттік компаниясын іске қосу жөнінде бастамамызды таныстырдық. Сол арқылы келер жылдың мамыр немесе маусым айларында алғашқы рейстері ашылады. Тасымалдаушы бастапқы кезеңде ел ішінде қызмет көрсетпек. Кейін қазақстандықтар үшін халықаралық бағыттар да пайда болады. Сөйтіп, азаматтық авиацияның дамуына үлес қосып, ел азаматтарының мобильділігін арттырамыз.

 

Scroll to top