БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019

Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті, деп хабарлайды.

Қазақстан көпвекторлы саясатын жүзеге асырып, барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас ұстанады. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Уилбур Росспен кездесуінде осылай деді. Мәртебелі мейман елімізге 16 бірдей америкалық компания өкілімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты жетілдіру үшін келіп отыр. Басқосу барысында тараптар инвестиция және экономика салаларындағы әріптестік жайын талқылады. Елбасы АҚШ үкіметі делегациясының Қазақстанға келуі елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін айтты. Сондай-ақ өзінің бұл мемлекетке жыл басында жасаған ресми сапары кезіндегі келіссөздерге тоқталды. Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев құрама штаттар астанасында Дональд Трамппен және жергілікті бизнес өкілдерімен кездескен болатын. Соның қорытындысында жалпы құны 7 миллиард доллардың құжаттарына қол қойылған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Во время состоявшейся встречи мы достигли взаимопонимания с Президентом Дональдом Трампом. Казахстанско-американские отношения вышли на уровень расширенного партнерства, о чем было подписано соответствующее заявление. В рамках своего официального визита я встретился с большой группой «капитанов бизнеса» США. В ходе совместного бизнес-форума было подписано 27 различных коммерческих документов на сумму 7 миллиардов долларов США. На сегодняшний день объем торговли между нашими странами составляет около 2 миллиардов долларов США. В этом году данный показатель вырос на 30 процентов.

Елбасы екі ел арасындағы әріптестіктің даму кезеңдерін де еске түсіріп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жасалған келісімдерге баса мән берді. Ал АҚШ сауда министрі Қазақстанға 16 америкалық компания өкілімен келгенін айтып, арадағы сауда-экономикалық әріптестікті арттыруға айрықша ынталы екенін жеткізді. Бұдан бөлек, бас қаланың сәулеттік ерекшелігін де атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Двухсторонние отношения с вашей страной. После того, как Казахстан отказался от ядерного оружия и закрыл крупнейший в мире ядерный полигон, мы подписали первый договор о сотрудничестве с Президентом Джорджем Бушем-старшим. Тогда же компания "Шеврон" выразила намерение работать в нашей стране. История деятельности этой компании наглядно показывает, как можно успешно вести бизнес в Казахстане.

Уилбур Росс, АҚШ сауда министрі:

– Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Сондықтан ең алдымен Астананың сәулеттік ерекшелігіне таңырқай қарадым. Сіздерде құрылыс қарқынды жүріп жатыр екен. Экономика да екпінді дамып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы сізге АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық сәлемі мен игі-тілегін ала келдім. Ол Қазақстанмен арадағы байланысты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Жалпы америкалық компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылығы зор.

 

Scroll to top