Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын төмендету мақсатында бюджет қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы өткізген брифингте айтылды.

Орташа есеппен 1 миллион теңгеге тең келетін сертификаттарға ең алдымен  мұғалімдер, дәрігерлер, құқық қорғау қызметкерлері ие болады. Бұл ипотеканың қолжетімділігін арттыра түседі. Жыл соңына дейін бағдарламаға қатысушыларға 10 мыңдай сертификат тапсырылады.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы:

- «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «жас арман» және «қамқор баспана» деген біздің екі жобамыз бар. Сол жоба бойынша осы сетификаттар беріледі деген біздің жоспарларымыз бар. Ол сертификаттарды өзі жергілікті өңірлік әкімшіліктер береді. Өз тарапынан өз қаржыларына қарай, өздерінің мүмкіндіктеріне қарай.

Тұрғын үй сертификатының құны өңірлік әкімдіктердің шешімдеріне қарай белгіленеді. Алғашқы жарнаны жеңілдетуге берілетін қаржы екі жолмен рәсімделеді.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы:

- Біріншісі қайтпайтын көмек ретінде беріледі. Екіншісі ұзақ мерзімді несие пайызсыз қайтарылымы бар, бірақ несие ретінде берілетін болады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға өтініш бергендердің 33 пайызы Алматы қаласына тиесілі. Өткен айда алғашқылардың бірі болып пәтер кілттерін алған тұрғындардың қатарында жастар көп. Бұл бағдарламаға төлем қабілеті бар, баспанасы жоқ кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Арай Қамзабек, пәтер иесі:

- «7-20-25» бағдарламасы  жастар үшін жасалған өте тиімді бағдарлама. Екі бөлмелі пәтер алдым. 15 жылға. Айына 97 мың төлеймін. Ол ақшаны пәтер жалдап тұрсам бәрібір төлейтін едім. Сол себепті мұнда төлеген кезде өзіңде қалады. Сол себепті тиімді.

Бүгінге дейін еліміз бойынша «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алуға 3339 азамат өтініш берген. Мақұлданған 2179 өтініштің 1431-не несие рәсімделген.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top