ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні -- "Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Шиелі индустриалды–аграрлық колледжінде өткізілген «Денсаулық ... -- "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде ..." -- 13 Қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ -- "Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді ..." -- 13 Қыркүйек 2019
5 сұрақ айдары -- Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» ..." -- 10 Қыркүйек 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ ..." -- 29 Тамыз 2019
ОТБАСЫ: ӘЙЕЛ-АНА - НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ -- "Бүгін "Арман" мәдениет үйінде Шиелі ауданының ..." -- 26 Тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 3 МЛН.ТЕНГЕ МЕН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛА АЛАДЫ -- "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ..." -- 26 Тамыз 2019

Каспийді жағалай орналасқан 5 мемлекет осы аптада теңізге иелік етудің құқықтық мәртебесін  айқындамақ.

Осылайша, бірнеше жылдар бойы күрмеулі жатқан мәселе оңтайлы шешімін табуы тиіс. Көршілес елдердің мүддесін біріктіретін тағы бір маңызды құжат қауіпсіздік төңірегінде болмақ.

Лаңкестік, заңсыз аңшылық, есірткі және қару-жарақ айналымы. Осындай қауіп-қатерлер Каспий маңы елдері үшін ортақ мәселеге айналғалы қашан?! Дегенмен оң нәтижелер де жоқ емес. 2010 жылы Бакуде өткен үшінші саммитте тараптар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша келіскен болатын. Енді өзара байланыстың жаңа жүйесін құрудың уақыты жеткен сыңайлы.

Жансая Жабина, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының геосаясат және аймақтық зерттеулер қызметінің жетекші ғылыми қызметкері:

- Осы келісімде негізгі салалар қамтылған. Тараптардың ынтымақтастығы ақпарат пен тәжірибе алмасу, ортақ іс-шаралар мен оқу-жаттығулар өткізуге негізделген. Сонымен қатар ведомствоаралық хаттамалардың мақсаты – Каспий төңірегіндегі көршілес елдердің өзара достастығын нығайту.

Көршілес елдердің құтқару қызметтері де өзара ынтымақтастықтың жоғары үлгісін көрсетіп келеді. Төтенше жағдайларда иық тіресе жұмылады. Соның бірі тақауда Маңғыстау облысында өтті. Оқу-жаттығу жұмыстарына жүзден астам маман, бірнеше ондаған арнайы техника, ұшақтар мен тікұшақтар және кемелер жұмылдырылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді ту етіп, әріптестер тілсіз жауды ауыздықтап, адамдарды құтқарды.

Моджтаба Дамирчилу, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Біз бәріміз жұдырықша жұмылсақ қана Каспийдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Кез келген қауіп-қатерге бірге төтеп беруіміз керек. Қуанышымызға орай, Каспий айналасындағы елдердің қадамдары мен ойлары бір жерден шығып отыр.

Осылайша, Ақтаудағы кездесу бірнеше жылдар бойы шешілмей келген сұраққа нүкте қоюы мүмкін. Артынша, Каспий елдерінің өзара қарым-қатынасы да жаңа деңгейге көтеріле түсетініне сенім мол. Саммит кезінде тараптар лаңкестік пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа келісімдерге қол қоймақ.

 

Scroll to top