Шиелі индустриалды–аграрлық колледжінде өткізілген «Денсаулық ... -- "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде ..." -- 13 Қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ -- "Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді ..." -- 13 Қыркүйек 2019
5 сұрақ айдары -- Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» ..." -- 10 Қыркүйек 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ ..." -- 29 Тамыз 2019
ОТБАСЫ: ӘЙЕЛ-АНА - НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ -- "Бүгін "Арман" мәдениет үйінде Шиелі ауданының ..." -- 26 Тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 3 МЛН.ТЕНГЕ МЕН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛА АЛАДЫ -- "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ..." -- 26 Тамыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 15 тамыз 2019 жылдың 1 тамызына ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді.

Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты.

– Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын айтты. Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін атап өтті.

– Прокуратура органдары тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді, – деді Қайрат Қожамжаров.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Scroll to top