Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018
Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті -- "Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ..." -- 20 Тамыз 2018
ШЕКАРАНЫҢ БЕРІКТІГІ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ -- "ШЕКАРАНЫҢ БЕРІКТІГІ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ ..." -- 17 Тамыз 2018
2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу -- "2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі ..." -- 15 Тамыз 2018
Каспий саммиті жылдар бойы шешілмей келген сұраққа нүкте қоюы мүмкін -- "Каспийді жағалай орналасқан 5 мемлекет осы аптада ..." -- 10 Тамыз 2018
«Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -- "«Хабар» халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән ..." -- 10 Тамыз 2018
Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді -- "Елбасы Жарлығымен Павлодар облысының Качир, ..." -- 09 Тамыз 2018
Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады -- "Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ..." -- 09 Тамыз 2018
«СЫЗДЫҚ БОҚАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ СӨЗ» ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -- "Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев ауылы тектілігімен ..." -- 08 Тамыз 2018
ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді -- "Ел дәріханаларында «Вазар 80мг», «Вазар-Эйтч» ..." -- 03 Тамыз 2018

17 мамырда Қазақстанның Ирландиядағы елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Ыдырысов Ирландия президенті Майкл Хиггинске сенім грамоталарын тапсырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді.

Салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, IT-индустрия, сандық жүйеге көшу, сондай-ақ білім беру және инновациялар салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат М. Хиггинсті елімізде Қазақстанды жаңғырту бағдарламалары аясында болып жатқан ауқымды экономикалық және саяси реформалармен және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының басты тезистерімен таныстырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесі негізінде құрылған «Жасыл» технологиялар орталығы және халықаралық IT-стартаптар паркі туралы айтып берді.

Ирландия президенті М. Хиггинс Қазақстанның Мемлекет басшысының жетекшілік етуімен қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтіп, еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.

Е. Ыдырысов Ирландияға сапары аясында, сондай-ақ Ирландия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы және саяси директоры Ниал Берджеспен, министрліктің БҰҰ Үйлестіруші директоры Ф. Смитпен және ирландиялық бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Ирландияның ресми және іскер топтары Қазақстанның Орталық Азияның экономикалық даму локомотиві, көптеген халықаралық жобалардың бастамашысы екендігін, тұрақтылық пен интеграциялық процестер орталығына және жаһандық саяси және экономикалық іс-шараларды өткізу орнына айналғандығын атап өтті.

Өз кезегінде, Е. Ыдырысов Ирландияға Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатурасын қолдағаны үшін тағы да алғыс білдіріп, еліміздің аталған ұйымдағы қызметінің табысты қорытындылары жөнінде хабардар етті. Сонымен бірге, Ирландияның мемлекеттік деңгейде инновацияларды.

Басқарудың бірегей құрылымын дамытудағы едәуір тәжірибесін ескере отырып, Елші Қазақстанның білім беру IT-бағдарламалары, стартап өнеркәсібі мен иновацияларды дамыту салаларындағы екіжақты ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытып отырғандығын атап өтіп, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттігіне тоқталды.

Видео ақпараттар

Scroll to top