Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады -- "Синоптиктер 23-25 қазан аралығына арналған ауа ..." -- 22 Қазан 2018
«АСЫЛДАР ТУҒАН, ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН - ШИЕЛІ» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ -- "«Алтын күз – 2018» мерекесі «Асылдар туған, ..." -- 22 Қазан 2018
«ШИЕЛІ ШЕЖІРЕСІ» АТТЫ ШИЕЛІ АУДАНЫ ТУРАЛЫ ШЫҒАРЫЛҒАН КІТАПҚА АРНАЛҒАН ... -- "    «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында ..." -- 22 Қазан 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ -- "Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған ..." -- 22 Қазан 2018
Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті -- "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы бизнес ..." -- 18 Қазан 2018
ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында аудан ..." -- 18 Қазан 2018
Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018

Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл. 1998 жылы негізі қаланған білім ордасының мерейтойына орай бүгін елордада концерт ұйымдастырылады.

Қазақ ұлттық өнер университеті елордамызбен түйдей құрдас. Бұл оқу орны Астана Алатау бөктерінен Арқа төсіне көшірілген кезде, яғни 1998 жылы құрылды. Бұған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық етті. Сондықтан бүгін мерейтойлық концертке Елбасының өзі қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейін, университет алғашында Қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылған болатын. Сөйтіп жоғары оқу орнының алдына маңызды міндеттер қойылды. Ең маңыздысы, Астана мен солтүстік аймақтардың музыкалық инфрақұрылымын кәсіби мамандармен қамтамасыз ету болды. Бұл міндет бүгінде жан-жақты жүзеге асып отыр. Қазір оқу орнының мектеп-колледж кешенінде 5 бағдарлама, бакалавриатта 19 бағдарлама және магистратурада 15 бағдарлама бойынша мамандар әзiрленеді. Мәселен, соңғы жылдары мәдениеттану, өнертану, хореография, кескiндеме, мүсiн, режиссура, операторлық өнер, сценография, кiтапхана iсі сынды мамандықтар қосылды.

Өткен 20 жыл оқу орны үшін өсіп-өркендеу кезеңі болды. Осы уақыт аралығында өзіндік орнын қалыптастырып, талай шәкірттің талантын қомдап, шеберлігін шыңдауға үлес қосты. Олар да әлемдік деңгейдегі өнер бәйгелерінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, 500 халықаралық және 400 республикалық байқаудың лауреаты атанды. Бүгінде Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері халықаралық сахнаға танылып үлгерді. Солардың бірі – Рахат-би Әбдісағин. Бүгін ол Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін мерейтойлық концертте өнер көрсетеді. Сондай-ақ бағдарлама бойынша Кеңес Дүйсекеевтің «Өнер ордасы» атты шығармасы, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің «Қыз Жібек» және «Бұлбұл» операларынан үзінді орындалады. Бұдан бөлек бірқатар мюзиклдер көрермен назарына ұсынылады. Концертке Парламент депутаттары мен еліміздің шығармашылық және ғылыми орта өкілдері қатысады.

Видео ақпараттар

Scroll to top