ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есебін тыңдап, нақты міндеттер жүктеді.

Өңір үшін өзекті мәселенің бірі жолдың жайы. 12 ауданның үшеуіне қатқыл табанды жол мүлдем жоқ. Әсіресе көктем мен күзде шалғай ауылдардың халқы жол азабын тартып келеді. Биыл Казталов ауданына дейінгі жолдың қалған 30 шақырымына асфальт төсеу көзделген. Одан арғы Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының ара қашықтығы 300 шақырым. Президент осы аралыққа жол құрылысын жеделдетуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сендер қараңдар мен үкіметке тапсырма бердім. Қаражат шығарып, биылғы жылы қанша салу керек? Ол үлкен жол емес ғой, даңғыл анадай 5-6 жолақ болатын. Кәдімгі аудан арасында жеңіл машина жүретін жақсы жол болу керек. Әсіресе ана Бөкей Ордасы ауданына туристерді апарамыз деп отырмыз. Қалай апарамыз? Ол Ресейге бізден жақын. Сондықтан осы мәселені қолға алып шешеміз бірге. 

Кеңес барысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облысқа сапарын қорытындылай келе өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Мемлекеттік бағдарламалардың жемісті жүзеге асып, тұрғындардың әл-ауқаты артып келе жатқанын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Екі жылдан бері жол түспеді Оралға қарай. Бүгін Ресейден келе жатқанда әдейі тоқтап, облыс жағдайымен таныстым. Өндірісті араладым біраз, бесеуін көрдік. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін зауыт, құрылыс материалдары, жиһаздар жасайтын зауыттарды көріп, елмен сөйлестім. Жастардың сарайында болдық. Жаңа салып жатқан алаңда болдық. Жалпы бір қарағанда айтатын мәселе облыста өте жақсы жылжу, өнім бар.

Scroll to top