БЖЗҚ туралы -- "Бүгінгі таңдахалық арасында жинақтаушы зейнетақы ..." -- 10 Желтоқсан 2018
2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ қызметініңмаңыздыкөрсеткіштері -- "2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 06 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 2018 жылғы 6 ..." -- 05 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 16.00-ден – ..." -- 04 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы ..." -- 29 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  Шара қорытындысы бойынша мақала   ..." -- 26 Қараша 2018
Экономика министрлігі полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты -- "Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары ..." -- 22 Қараша 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРУ ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 22 Қараша 2018
ЖҮЙРІГІ ШИЕЛІНІҢ АТАНАМЫН -- "Кеше ауданымызда дәстүрлі өнерді жаңғырту, ..." -- 22 Қараша 2018
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 22 Қараша 2018

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

16-18 ақпанда өткен форумға әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып, халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін талқылады. Жекелеген сессиялар Еуропа Одағының Ресей және АҚШ-пен өзара іс-қимылына, Таяу Шығыс пен Корей түбегіндегі шиеленістерді реттеуге арналды. Кибер қауіпсіздік, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, Арктикадағы жағдай жөнінде тақырыптық дөңгелек үстелдер болды.

Конференцияда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парламенттердің төрағалары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ықпалды қоғам қайраткерлері мен талдау орталықтарының өкілдері сөз сөйледі. Шараға барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Қ.Тоқаев форум аясында бірқатар кездесулер өткізді. Сенат Төрағасының БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Атқарушы директоры Эрик Солхейммен кездесуінде Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қ.Тоқаев Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияның (ICAN) Атқарушы директоры Беатрис Финді ұйымға Нобель бейбітшілік сыйлығының табыс етілуімен құттықтады. Б.Фин Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруынан азат әлем құрудағы үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ қарусыздандыру саласындағы халықаралық бағдарламаны іске асыруға өзара іс-қимыл қажеттігін атап өтті.

Schaeffler AG концерні байқаушылар кеңесінің төрағасы Георг Шаффлермен және Schaeffler AG-тың Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша атқарушы бас директоры Райнер Линднермен технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі туралы әңгіме өрбіді. Сенат Төрағасы экономиканы технологиялық тұрғыда жедел жаңғырту Қазақстандағы кешенді реформаның маңызды құрамы екеніне назар аудара келіп, неміс бизнесін біздің еліміздің аумағындағы бірқатар ірі жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.

Видео ақпараттар

Scroll to top