ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бүгін министрлер мен әкім-қаралар кеңейтілген жиын барысында былтырғы жылды қорытындылайды. Жиылған Үкімет мүшелерінің бәрі былтыр атқарылған істер жөнінде Қазақстан Президентіне есеп береді.

Ішкі жалпы өнім былтыр 4 пайызды құрап, осылайша қарқын алды. Өсімнің 60 пайызы – шикізаттық емес сектордың есесі. Елбасының тапсырмасымен әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі ставкалары өсті. Мәселен, зейнетақы 20, баланың тууына байланысты берілетін жәрдем ақша 27 пайызға артты. Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық.

Оның шарапатын дүйім жұрт 2021 жылы толық көреді. Яғни еліміздің барлық елді мекендері кеңжолақты интернетке қол жеткізеді. Экономиканың сан саласы техникалық қаруланып, өндірісі өрге сүйреуі тиіс кәсіпорындар жаңарады. 2017 жылы еліміздің абыройы әлем аренасында біраз көтерілді. Сириядағы сергелдеңді шешуге бағытталған Астана процесі, Ислам және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының самиттері, EXPO көрмесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі – мұның бәрі Қазақстанның жаһандағы рөлін айқындап бергендей. Сәуір айында жарияланған Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық санамызды бір серпілткені және бар. Бұл – көңілді марқайтатын көрсеткіштердің бір парасы ғана. Бүгінгі жиынға қатысатын Нұрсұлтан Назарбаев ел келешегін айқындап, атқамінерлерге бірқатар тапсырма беруі ғажап емес. Өйткені жүйелі жоспар жетістікке жетелейтіні ақиқат.

Источник: 24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top