АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті. Елбасы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық  ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті. «Тәуелсіздік алғаннан бері Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шара атқарылды. Астананы салуға қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіремін», – деді Президент.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары арасында байланыстар орнатудың маңызына тоқталды. Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Елбасына Сауд Арабиясының Королі  Салман Бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниетті екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанға, біздің жаңа елордамыз Астанаға қош келдіңіз! Біздің тәуелсіздігімізге биыл 26 жыл болды. Осы жылдар ішінде Сауд Арабиясымен бауырлық жақын қарым-қатынаста болуға барлық әрекетті жасап келе жатырмыз. Осы жылдардың ішінде көп ханзадалар болды. Бірінші күннен бастап көп патшалармен де кездесіп келе жатырмын. Әл Саудтан бастап Абдулладан кейінгі Король Салманмен, барлығымен кездесіп жүрмін. Сіздердің елді өзімізбен жақын әріптес деп санаймыз. Терроризм, экстремизм жағдайында Сіздің жұмысыңыздың мағынасы өте зор. Біздің органдармен бірлесіп жұмыс істейді деп сенемін.

Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наиф, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі:

- Жоғары мәртебелі Президент мырза! Қошеметпен қабыл алғаныңызға көп рақмет! Король Салманның атынан жылы лебіз жеткізгім келеді. Біздің Корольдің тарапынан және оның тақ мұрагері Мұхаммедтің Сізге деген көзқарасы өте жақсы. Сіздің орныңыз біз үшін өте ерекше. Сондай-ақ елдеріңіздің дамуы бізді қуанышқа бөлейді. Қазақстанға Сұлтан бен Әзиз сапармен келген болатын. Қазіргі уақытта да Қазақстанмен қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Қазақстанды Орталық Азия жеріндегі елдердің арасында өте ерекше мемлекет деп санаймыз. Екі ел арасында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған бағыттарымыз бар.

24.kz

Scroll to top