Шиелі индустриалды–аграрлық колледжінде өткізілген «Денсаулық ... -- "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде ..." -- 13 Қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ -- "Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді ..." -- 13 Қыркүйек 2019
5 сұрақ айдары -- Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» ..." -- 10 Қыркүйек 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ ..." -- 29 Тамыз 2019
ОТБАСЫ: ӘЙЕЛ-АНА - НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ -- "Бүгін "Арман" мәдениет үйінде Шиелі ауданының ..." -- 26 Тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 3 МЛН.ТЕНГЕ МЕН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛА АЛАДЫ -- "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ..." -- 26 Тамыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 15 тамыз 2019 жылдың 1 тамызына ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019

2020 жылға қарай Түркістан қаласының әкімшілік орталығы шаһардың батыс ауданына көшіріледі. Қазір ол аумақта «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша жаңа шағын ауданның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде жоспарланған көп қабатты 100 үйдің 10-ы пайдалануға берілген. Тағы 20-сының құрылысы келер жылы басталады. Сонымен қоса, 900 балаға арналған білім ошағы салынып жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 280 орындық балабақша ашу да жоспарда бар. Таяу жылдары қаланың барлық мемлекеттік мекемесі осы ауданға шоғырланбақ. Бұл туралы рухани астанамыз Түркістанға ресми сапармен барған еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.

Әбдімәлік Алдамұратов, Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі:

- Осы жерде Отырар мөлтек ауданында 360 гектар бар. Осында әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, «Нұрлы жер» бағдарламасына енгіздік. МЖӘ аясында салынып жатқан балабақшамыз бар. Биылға тағы 900 орындық мектеп жоспарланған. Жаңа әкімшілік аймақ осы аумақта орналасады. Мәдениет, спорт сарайлары да болады. 54 мың халық тұрады. 

Үкімет басшысы Түркістандағы бірқатар өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтсақ, Түркістанмен қатар көрші Кентау, Жаңақорғанның тұрғындарын өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған нан мен шұжық шығаратын кәсіпорындарды аралап көрді. Мұнда тәулігіне 12 тонна ұннан 30 мың нан өнімдері дайындалады. Алдағы қараша айында күніне 50 мың нан шығаратын цехтың қазығы қағылмақ. Іске қосылғаннан кейін 30 мың жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Бақытжан Сағынтаевтың келесі бағыты Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті болды. Студенттермен жүздесу барысында әлемдік талапқа сай жоғарғы білім беру мәселесі қозғалды. Премьерге оқу ордасының болашақ қалашығы мен Түркі әлемінің музейі де таныстырылды.

24.kz/

Видео ақпараттар

Scroll to top