ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қайрат» футбол клубының жас өрендері «Елбасы» деген жазуы және өзіндік белгісі бар жейде тарту етті. Ал Елбасы естелікке өз қолтаңбасын жазып, доп сыйлады. Бүгін Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында Президент аяқдопшылардың спорттық базасында болып, Қайрат командасының жас құрамымен кездесті.

Қазақстан футбол құрамасының бірқатар спортшысы «Қайрат» футбол командасының мүшелері. Халықаралық ареналарда елдің абыройын қорғап жүрген футбол клубына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барып, жас аяқдопшылармен кездесті.

Елбасын жастардың тек спорттағы жетістіктері ғана емес, мектептегі оқу үлгісі де қызықтырады. Президент балаларға болашақта мамандық алып шығудың маңыздылығын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сендер шынымен футболист болайын деп тұрсыңдар ма? Мектепте де жақсы оқу керек. Мектепті бітіру керек, маман болу керек. Футболшы болсаңдар, футболшы боласыңдар. Футболшы болмасаңдар, денсаулықтарың мықты болады. Дүниедегі ең үлкен бақыт ол ақша емес, лауазым емес, 90 проценті – денсаулық. Ал денсаулық спорттан келеді. Бақытты болыңдар!

Балалар өз кезегінде Президентке кездесу үшін алғыс айтып, «Қайрат» футбол клубының «Елбасы» деген жазуы мен жеке номері жазылған жейдені сыйға тартты. 

Мемлекет басшысы жас спортшыларға денсаулық тілеп, жарқын жеңістерге жетулеріне ниеттестік білдірді. Сондай-ақ жас футболшыларға өзінің қолтаңбасы бар допты ұсынды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ клубтың спорт базасымен танысты. Онда бес футбол алаңы, спортшыларды толық бабына келтіруге арналған медициналық кешен мен жабдықтар бар. Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы мен мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды.

Мұнда Елбасы футболшы жасөпірімдермен кездесіп, әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев жастардан Қазақстан футболының әлемдік деңгейден неге қалыс қалып жүргенін сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Условия хорошие? Живете, кормят, тренировки есть? Голова на плечах есть? Бегать можете? Здоровье есть? Почему в Казахстане футбол плохой? Быстрее вырастайте! В чем сила других команд европейских? Что вы хуже их, что ли? Наверное, слабо тренируемся? По многим видам спорта Казахстан показывает себя с лучшей стороны. У нас есть олимпийские чемпионы по тяжелой атлетике, боксу, борьбе, плаванию. А футбол самая массовая игра. Передавайте родителям привет от меня, скажите, что встречались, что Президент надеется, что мы вырастем и покажем казахстанский класс.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде стадиондар кешенді қайта жөндеуден өткенін және мемлекет тарапынан футболды дамыту үшін жүйелі қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

24.kz

Scroll to top