Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты ... -- "Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат ..." -- 28 Ақпан 2020
БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ -- "БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ..." -- 28 Ақпан 2020
КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ -- "КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ Бүгін Шиелі ..." -- 24 Ақпан 2020
БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса ... -- "Қордың ең танымал сервистерінің бірі әрбір ..." -- 18 Ақпан 2020
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ -- "ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ ..." -- 18 Ақпан 2020
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ -- "Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен ..." -- 18 Ақпан 2020
Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің ..." -- 13 Ақпан 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ..." -- 13 Ақпан 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ ..." -- 05 Ақпан 2020

Тілдің халықаралық мәртебесін көтеру – біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді.

Палата спикері әлемдік тәжірибе бойынша өркениетке, мәдениетке және ғылымға жол салған кез келген мемлекет ең алдымен тілдің дамуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ тілін дамытуға баса назар аударғанын тілге тиек етті. Нәтижесінде бүгінгі күні қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны 70%-ға жетіп отыр. Ал 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95%-ы қазақ тілінде сөйлейтін болады. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы тіл және жаңа әліпби мәселесінде қателікке жол беруге болмайтынын атап өтті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Біздің ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз, осының барлығы қазақ тілін жаңа латын әліпбиімен жасаудан басталады. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру – біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби – әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. 

24.kz

Scroll to top