ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

                                                                    ЖОБА  

 

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/8 шешіміне  толықтыру енгізу туралы

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

      Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы  №15/8 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы»  нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде                  №6045  тіркелген, Қазақстан  Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай  толықтыру енгізілсін:

       Аталған шешіммен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу  және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» Қағидаларында:

       2-тармақтың  5) тармақшасының үшінші абзацы:

       «Ұлы отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне сауықтыру үшін 303,0 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет»  деген сөздермен жаңа редакцияда  толықтырылсын. 

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       

Аудандық мәслихаттың                                       Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы                                                               хатшысы

     

Н.Әмір                                                                       Б.Сыздық

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының жұмыспен

 қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

 бағдарламалар басқармасы»

 мемлекеттік мекемесі

Видео ақпараттар

Scroll to top