ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен бес баласынан айырылған жанұяға қайғырып, көңіл айтты. Үкімет басшысы Астана әкімі Бақыт Сұлтановтан жанұяға көрсетіліп жатқан көмек туралы есеп сұрады.  

Сағынтаев мұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына бермеуді тіледі.

"Өрт кезінде бір үйдің өрімдей бес баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай. Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туыстарына қайғырып көңіл айтамыз,. Алла мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейік",- деді премьер-министр.

Өз кезегінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Үкімет басшысына жанұяға қала әкімдігі тарапынан қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы есеп берді.

"Бүгінде Астана қаласы әкімдігі тарапынан барлық тиісті көмектер берілуде. Атап айтқанда, жерлеу рәсімі мен ас беру ұйымдастырылып, материалдық және психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде. Тиісті комиссия құрылды. Қазір ата-аналарымен де жұмыс істеп жатырмыз. Ары қарай қандай жәрдем көрсететініміз келесі шараларда қабылданады, жан-жақтан көмек көрсетіледі", -деді қала басшысы.

Сонымен қатар, Сұлтанов алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын айтты.

"Бұл мәселенің қайталануына жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүйелі түрде жасалып жатыр. Ауа райының күрт сууына орай, жер үйлерде пешті жылыту және қосуға байланысты өрт шығу мүмкіндігі артуда. Сондықтан, бұл жағдайларды алдын алу үшін бүгінде аудан әкімдері, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті басшыларына бірлесіп, түнгі рейд жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ал күндізгі барлық от жағып отырған жер үйлер мен нысандардағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндіріліп, тексеру жүргізу жұматыра жалғасатын болады", -деді Сұлтанов.

Scroll to top