БЖЗҚ туралы -- "Бүгінгі таңдахалық арасында жинақтаушы зейнетақы ..." -- 10 Желтоқсан 2018
2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ қызметініңмаңыздыкөрсеткіштері -- "2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 06 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 2018 жылғы 6 ..." -- 05 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 16.00-ден – ..." -- 04 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы ..." -- 29 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  Шара қорытындысы бойынша мақала   ..." -- 26 Қараша 2018
Экономика министрлігі полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты -- "Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары ..." -- 22 Қараша 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРУ ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 22 Қараша 2018
ЖҮЙРІГІ ШИЕЛІНІҢ АТАНАМЫН -- "Кеше ауданымызда дәстүрлі өнерді жаңғырту, ..." -- 22 Қараша 2018
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 22 Қараша 2018

Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша  2018 жылдың 9 айында атқарылған  жұмыстар жайлы анықтама

  1. Автомобиль жолдары жайлы:

Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде екі қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарың   124,5 шақырымы, яғни 83,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтталған.

Кент және ауылдық округ елді мекендерінде 437 шм жол тораптары бар. Олардың тиісінше кентте 51,5 және елді мекендерде 46,5 пайызы асфальтталған. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 107,9 мың тенге бөлініп, 11 шм ауыл,2,4 шм кент жолдары жөнделді.

2018 жылға    облыстық бюджеттен Шиелі ауданы  «Самара-Шымкент» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 1942+200 шқ  көпірін күрделі жөндеу жұмыстарына 134,6 млн тенге бөлініп, мердігер«Стандарт ОЙІ КЗО» ЖШС-гі 105,2 млн теңгеге ұтып алып, бүгінгі күнге  82,1 млн тенге қаржысы игерілді. Көпірді күрделі жөндеу жұмыстары календарлық жоспар бойынша қараша айында аяқталады.Үнемделген 28,4 млн тенге кері облыстық бюджетке қайтарылды.

Сметалық құны 120 млн тенге тұратын Оқшы Ата мемориалдық кешеніне кіре беріс 4,8 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жол құрылысы екі жылға жоспарланып,мердігер мекеме «Шиелі Жолшы» ЖШС-гі 96,9 млн тенгеге ұтып алды.Бүгінгі күнге жол құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген 70,0 млн тенге қаржыдан 59,5 млнтенге игеріп отыр.Жұмыстың толық аяқталуына орай, биылғы жылға қосымша 29,5 млн тенге қаржы қажет.

Ақмая елді мекеніндегі автомобиль жолын орташа   жөндеу жұмыстарына   облыстық бюджеттен 12,1 млн тенге қаржы бөлініп игерілді.     

Сондай-ақ облыстық бюджеттен 2018 жылға Сырдария өзеніндегі қалқымалы өткел  мен екі қалқымалы көпірді, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 103 шақырымын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 33655,0 мын теңге бөлініп, 2018 жылдың тоғыз айында 20458,6 мың тенге қаржы игерді.

Аудандық маңызы бар Жиделі ауылына кіре беріс автомобиль жолына 795,0 мың тенгеге жоба сметалық құжаттамалары даярланып, салалық сараптама алуға ҚР-ның автомобиль жолдары комитетіне ұсынылды.

Қарғалы және Ботабай елді мекені арасын жалғастыратын автомобиль жолына техникалық экономикалық негіздеме жасауға жергілікті бюджеттен 8000,0 мың тенге бөлініп, игерілді.   

            Самара-Шымкент автомобиль жолының 6,5 шақырымын (ПК 1921-1927,4) қайта құрылымдауға жоба сметалық құжаты  жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге әзірленуде.

2019 жылға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына төмендегідей жоба сметалық құжаттар ұсынылды.

  1. Жөлек қалқымалы көпірін күрделі жөндеу жұмысы. Жоба сметалық құжатының құны 120345,20 мың тенге. ЖСҚ дайындаған «Сыр Жоба» ЖШС-гі. Мемлекеттік сараптамадан 26 желтоқсан 2017 жылы №14-0250/17 өткен. 2018 жылы 25 қаңтарда №1-03/31 санды құжатпен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
  2. Шиелі станциясының "Шиелі-20 бекет" аралығындағы 2945 шақырымдағы қос жолды темір жол үстінен аспалы темір жолы көпірінің құрылысы . Жоба сметалық құжатының құны 673152,0 мың тенге. Мемлекеттік сараптамадан 24.04.2018 жылы №01-0141/18 өткен. Аталған жоба бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ҚР Инвестициялар және даму министірлігі автомабиль жолдары комитетіне 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру мақсатында 091-103 «Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылым дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы тізбесіне қосуға 28.05.2018 жылы №04-13/1222 хатпен ұсыныс берді.
  3. Самара-Шымкент-Майлытоғай автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары. Жолдың ұзындығы 2,8 шақырым. Жоба сметалық құжатының құны 66 672,71 мың тенге. ЖСҚ дайындаған «Сыр Жоба» ЖШС-гі. Ведомствалық сараптамадан №315 санды құжатпен 2018 жылы 30 мамырда өткен. 2018 жылы 22 қаңтарда №1-03/27 санды құжатпен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
  4. 2Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы: Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7552,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Осы қаржыға Шиелі кентінде бір дана диодты жаңа бағдаршам орнату,Шиелі кентіндегі 13 (дана) бағдаршамдарды күнтізбелік жыл бойы күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары, 140 дана жаңа жол белгілерін орнатуға, 4 дана  жасанды жол кедергісін қою, 15,0 шақырым жол жолақтарын   2 реттен сызу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу   конкурсы жеңімпазы « Almaty HT Construction» ЖШС-гі .

Осы жұмыстардан бүгінгі күнге Шиелі кентінде М.Шохай - Жүргенов көшесі қилысына 2009,0 мың тенгеге  бір дана диодты жаңа бағдаршам орнатылды.  Шиелі кентіндегі 13 (дана) бағдаршамдарды  күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 55 дана жаңа жол белгілерін орнатылды, 3 дана  жасанды жол кедергісі қойылды, 15,0 шақырым жол жолақтары  1 рет сызу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың тоғыз айында 2052,6 мың тенге игерді. Барлығы 4061,6 мың тенге игерді. Қалған қаржы жыл аяғына дейін игеріледі.

Шиелі кентіне бес дана жаңа бейнебақлау камераларын орнатуға 8500,0 мың тенге бөлініп игерілді. Камералар аудандық ішкі істер бөлімінен басқарылады.  

Шиелі кентіндегі тоғыз  дана бейнебақылау камераларын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5000,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күнге 3009,3 мың тенге қаржысы игерілді. 

  1. Жолаушылар тасымалы жайлы:  

Ауданда 2018 жылы жолаушылар тасымалымен халыққа қызмет көрсетіп отырған 1  ЖШС, 6 жеке кәсіпкер бар. Жолаушылар тасымалы 27 аудандық,  3 қалааралық, 1 ауданаралық  бағытта жүргізіледі. Оларда 100-ден аса жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер бар. Аудан бойынша барлық елді мекендер толық қоғамдық көлікпен қамтамасыз  етілген.

Халыққа аудан орталығынан талапқа сай жабдықталған 1 автостанция қызмет көрсетеді. Сонымен қатар транзиттік маршрут ретінде аудан арқылы Шымкент, Алматы бағыттарына автобустар қатынайды. Барлық бағыттарда автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық тексеруден және жүргізушілерді рейс алдында медециналық тексеруден өткізіледі. Қалааралық бағытардың барлығы толық билеттендіру жүйесіне көшкен.

      Барлық елді мекендерде, кент орталығында 8 жерде такси тұрағы ұйымдастырылған.Бүгінгі күнге 145 такси көлік салық органдарына тіркелген.Заңсыз жолаушы тасмалдаушылармен арнайы ішкі істер,салық, көлік мамандарынан құрылған топтар арнайы түсінік жұмыстары жүргізілуде.Оның ішінде заңсыз жолаушы тасмалдаушы 30-ға жуық «Хундай» автокөліктері иелерімен түсінік жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылғы қаңтар айынан бастап жолаушы тасмалын тоқтатуға келісілді.

  1. Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

4,1 Аудан бойынша 2014 жылы жалпы сметалық құны 9,3 млн теңге болатын кентіндегі Жақаев № 33 және Байтұрсынов көшесі № 2үйге,2018 жылы  Бұхар Жырау көшесі №39 үйлерге 7,14 млн теңге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталынған тұрғын үйлердің 20 пәтер иелерімен тиісті қаражатты қайтару мақсатында келісім шарт жасалынған. Келісім шартқа сәйкес 2015-18 жылдың 1 сәуіріне тұрғындардан 1 367 000 мың теңге қаражат қайтарылды. Қаржы қайтару жұмыстары жалғастырылуда. 

Көппәтерлі тұрғын үйлерді энергоаудит жүргізуге жергілікті бюджеттен 524 мың тенге бөлінді. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізу жұмыстары жүргізілуде. 

  1. Мемлекеттік тұрғын үй кезегі туралы.

Аудан көлеміндегі мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» № 856 Қаулысында көрсетілген санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрады және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» N 94 Заңына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік тұрғын үйлер жалдау шарты негізінде үлестіріліп беріледі.

Мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке тіркеу мемлекеттік тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімі негізінде жүзеге асырылады.

2018 жылдың сегіз айында 7 рет тұрғын үй комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия шешімімен 16 азаматтың құжаттары заңға қайшы келуіне байланысты кері қайтарылып 71 азамат тұрғын үй кезегіне тіркеуге қойылды.

Қазіргі таңда, 752 азамат 4 түрлі санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұр.

6.Газдандыру туралы. Бүгінгі күнге  Шиелі кенті бойынша үйлеріне газ кіргізуге 4510 өтініш тіркеліп, оның 4505-не монтаж жүргізіліп, 4499 сы газ пайдаланып отыр.

Жергілікті бюджеттен 92 млн теңге қаржы бөлініп, 20 бюджеттік мекемелердің және 3 қызметтік үйдің бу қазандықтары газға ауыстырылып, газ пайдалануда. Сонымен қатар кент орталғындағы      аудандағы 8 білім беру мекемесінің ( № 47, 48, 127, 219, 244, 270, оқушылар үйі, №47 мектептің ескі ғимараты) және «Арман» мәдениет үйі жылу қазандықтарын газбен жануға ауыстыру үшін  облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық           басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды..

         Денсаулық саласынан 2 жоба орталық емхана мен аудандық аурухананың бу қазандықтарын газға ауыстыруға мемлекеттік сараптамаға енгізілді. Спорт кешені бу қазандықтарын газға ауыстыруға ЖСҚ даярланды мемлекеттік сараптамадан өткен жоқ.

         Кенттегі 26 ірі кәсіпорын мен 110 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 89-на газ кіргізілген. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ-нің жергілікті аудандық газ шаруашылығы арқылы берілгенімен, қосуға наряд беру мәселесі әлі де облыстық «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ арқылы шешілуде. Сондай-ақ заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік құрылымдарға техникалық шарт және наряд беру де «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалы арқылы жүзеге асырылуда. Өз кезегінде  бұл мәселе кәсіпкерлер мен кәсіпорындар тарапынан газға қосылу мерзімінің ұзаққа созылуына  байланысты реніштер болды.

         «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы инвестициялық бағдарламасы арқылы газ кіргізуге жобалау кезінде кентте 8 учаске қалып қойған. Мәселені «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ң басшыларымен бірлесе отырып, желілік газ құбырын жеткізіп беруге қаржы бөлу мәселесі шешілді.

         Кенттегі газдандыру жобасына енген 5600 үйдің 4000-ға жуығы жеке тұрғын үй, ал 1600-дейі көпқабатты үйлердегі пәтерлер болғандықтан, пәтерлерге газ кіргізу техникалық қауіпсіздік тұрғысынан әлі күнге шешімін тапқан жоқ.

         Сондай-ақ қазіргі таңда кентте 4200-ден аса нысан газға қосылғанына қарамастан Шиелі аудандық газ шаруашылығы жанынан апаттық диспетчерлік қызмет әлі жасақталмай отыр.

         Бүгінгі күнге пайдаланған газға ақы төлеуде жинақталаған қарызы 7,186 млн теңгені құрап отыр.

  1. Ауыз су жайлы.

«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының 2016 жылғы 02 наурыздағы «Шиелі су құбырлары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның оқшау ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық меншікке қабылдау жөніндегі №17-15-28-04/374 санды келісім хатына байланысты, «Шиелі су құбырлары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның теңгеріміндегі 6 елді мекеніндегі оқшау ауыз сумен жадықтау жүйесін құқықтанушы құжаттары алыс-беріс актісі арқылы өткізілді. «Шиелі су құбырлары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның теңгеріміндегі қалған мүліктерін өткізуге байланысты жұмыстары жүргізілу

 

 

Бөлім басшысы                                                       Д.Аман

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top