ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
  • М.Шоқай көшесі, №53.
  • Тел./факс: 8-724-32-4-22-56;
  • E-mail: Shielisobes@mail.ru

 

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің бастшысы 

 

     agibai

Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы 1981 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі кентінде туылған. Ұлтты қазақ. 1998 жылы Шиелі кентіндегі №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1998 жылы

 Қызылорда “Сейхұн” институтына түсіп, 2002 жылы Қызылорда “Сейхұн” Академиясын экономист-финансист мамандығын толық бітіріп шыққан. 2002-2003 жылдары Астана қаласының №5570 әскери бөлімінде әскери борышын борышын өтеген. 2005- 2007 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде нұсқаушы болып бастаған.

2006-2007 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман.

2007-2013 жылдары осы бөлімде бас маман – бас есепші.

2013 жылдың 2 тамызынан аудан әкімінің №247-Ө өкімімен Шиелі аудандық қаржы бөлімінің басшысының қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызмет жасап келеді.

Отбасылы.

Бөлім басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін күнделікті дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат: 09:00-ден 13:00, 15:00- ден 19:00 аралығында қабылдайды.

Құрылымы  

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

Бөлім басшысы

4-44-36

2

Абенов Жандос Кажмуханович

Бөлім басшысының міндетін атқарушы

4-43-43

Қаржы-шаруашылық секторы

3

Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

Сектор меңгеруші

4-27-81

Құқық және құжаттамалық бақылау секторы

4

Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы

Сектор меңгеруші

4-45-04

5

Бейбіт Ақбота Бейбітқызы

Бас маман

4-26-59

6

Кожаева Айымжан Темирхановна

Бас маман

4-45-01

Халықты жұмыспен қамту секторы

7

Жүсіп Зауре Бегайдарқызы

Сектор меңгеруші

4-40-58

8

Әбжапбар Мейрамбек Балтабекұлы

Бас маман

4-40-58

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы

9

Сейтжапбарова Айнаш Кембілбайқызы

Сектор меңгеруші

4-28-02

10

Жаксылыкова Назерке Әзимбаевна

Бас маман

4-28-02

11

Абилова Айнұр Рахметтуллақызы

Бас маман

4-28-02

Әлеуметтік төлемдер секторы

12

 

Сектор меңгеруші

4-43-13

13

Шалбай Әлима Абдіқадырқызы

Бас маман

4-43-13

14

Арыстанова Ажаркүл Шамшиддинқызы

Бас маман

4-43-13

Халықпен жұмыс

  1. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қараудың тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде бөлімде жеке тұлғалар тарапынан 2018 жылдың 01 қазанына 33 жазбаша және 5 ауызша арыз-шағым тіркелген.
  2. Азаматтарды қабылдау  және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:

- қабылдау бөлімінің тел: 4-22-56;

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

 Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

Бөлім басшысы

Қабылдау күні, қабылдау уақыты

дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат: 09:00-ден 13:00, 15:00- ден 19:00 аралығында қабылдайды.

Абенов Жандос Кажмуһанович

Бөлім басшысының орынбасары

Қабылдау күні, қабылдау уақыты

сәрсенбі 10:00- ден 12:00-ге дейін,

жұма  16:00-ден 18:00-ге дейін.

 

Ереже

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

  1. Жалпы ережелер
  1. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзіреті шегінде әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратынҚазақстан Республикасының мемлекеттік органы болыптабылады.
  2. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

1) «Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  4. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  6. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  7. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі, №53.
  8. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасында белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы ереже «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
  4. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.
  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы саясатты iске асыру.
  2. Міндеттері:

1)  әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

            2) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

            3) жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

            4) берілген құзырет шеңберінде жұмыспен қамту заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

            5) уәкілетті орган және жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

            6) халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру;

            7) мүгедектерді және ардагерлерді оңалту;

            8) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін бюджеттен тыс қаржыларды тарту;

            8) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау  және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

           9) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

     1) заңнамалық және нормативтік құжаттарды іске асыру, еңбек жағдайларын нормалау, еңбек ақы төлеу бойынша белгіленген мемлекеттік нормативтерді пайдалану тәртібін түсіндіру;

    2) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

    3) мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша шараларды жүзеге асыру;

    4) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;

    5)жалғызбасты азаматтарды және мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғыз басты азаматтарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

    6) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;

    7) халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;

    8) еңбек рыногындағы жағдайды, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымын болжамдау;

            9) жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған азаматтарды даярлау және қайта даярлаудың жүйесін қалыптастыру;

            10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын  тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

            11) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

            12) үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларды материалдық  қамтамасыз ету;

            13) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары, оның ішінде мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

            14) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу және жаңа жұмыс орындарын іздестіруде компьютерлендірілген бағдарламаларды енгізу;

            15) аудан еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға ықпал жасау;

            16) аудан құрлысы саласындағы  мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектер мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

            17) мүгедектерді оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

            18) халыққа протезді-ортопедиялық  көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

    19) өз құзыры аясында бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру;

    20) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету;

            21) бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

            22) өз құзырындағы мәселелер бойынша бөлімге азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

            23) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы тиісті шешімдер қабылдау;

24) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

25) орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

26) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

27) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

28) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;

29) туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту жөніндегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;

31) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру;

32) азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою;

33) Қазақстан Респуликасының заңнамаларында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

34)ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары:

1) егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;

            2) Бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түрінде, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

    3) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен  қайта дайындау азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;

    4) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыруға;

    5) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

    6) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнама тақталар жасақтауға;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;

8) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19.«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  3. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) басшысының өкілеттілігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

  1. орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

7) секторлардың ережелерін бекітеді;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімнің мүддесін білдіреді;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсыбағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

10) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

24.«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкi
  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Таратылған жағдайда Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Статистикалық ақпарат

Статистикалық деректер және көрсеткіштер

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 1792978 млн теңге, Ұлттық қордан 419997,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 21162 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 212954 млн. теңге, барлығы 2447091 млн. теңге қаржы қаралды. 2019 жылы 3648отбасының 18605 мүшесіне 2226108,5 мың теңге тағайындалып, 3648 отбасы 18605  мүшесіне, 2226108,5мың теңге төленді.

         Оның ішінде: шартты ақшалай көмекке 3356 отбасы 17402 мүшесіне 2075286,0 мың теңге тағайындалып, 3356 отбасы 17402 мүшесіне 2075286,0 мың теңге төленді. Шартсыз ақшалай көмекке 296 отбасы 1203 мүшесіне 150822,5 мың теңге тағайындалып, 296 отбасы 1203 мүшесіне 150822,5 мың теңге төленді.

         АӘК алушылардың ішінде 378 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, яғни 197 азамата тұрақты жұмысқа орналасып,                      155 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 8 азамат жастар тәжірбиесіне және 12 азамат қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жіберілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар саны 11949, барлық топтағы мүгедектер саны -123, студенттер саны-875, І, ІІ топтағы мүгедектерге қараушылар саны-85, еңбекке қабілеттілер саны -4916, зейнеткерлер саны-211 адамды құрайды.

Тұрғын үй көмегі. Аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 19412,0 мың теңге қаражат қаралды. 2019 жылдың  31 желтоқсанына  47 отбасының 240 мүшесіне 699,6 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қолдау. Шиелі ауданында 2019 жылдың  31 желтоқсанына  тіркелген  мүгедектер 2375 болса, оның ішінде I топтағы- 180,  ІІ топтағы - 748,   III топтағы - 989,  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар– 458.

Аудан бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанына 1053 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, оның 774 оңалту бағдарламасы немесе 74 пайызы және 2018 жылдың жеке оңалту бағдарламасы бойынша 1035 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

Гигиеналық құралдарды сатып алуға республикалық бюджеттен368 мүгедекке  және қосымша  құралдарға 252 мүгедекке 22412,8 мың теңге  қаржы  қаралып, 21100,9 мың теңгесі игерілді. Жергілікті  бюджеттен 368 мүгедекке 25211,1 мың теңге қаржы қаралып игерілді.

Аудандық  жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 23 мүгедекке бөлмелік  кресло–арба,  32 мүгедекке серуендік   кресло–арба, 16 мүгедекке жетек арба, 19  мүгедекке балдақ, 144 мүгедекке таяқ берілді. Бүгінгі күнге барлық қызмет түрлері бойынша құжаттар қабылданып, орындалуда және е-собес жүйесіне енгізілді. 

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 128 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 130 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына 82 мүгедек жіберілді.

«Думан-Шиелі» күндізгі болу орталығына 270 ардагерге және 40 мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама берілді.

Алақай - Нұр мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінде 8 мүгедек бала тәрбиеленуде.

Облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 74 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған ардагерлеріне 808,0 мың теңге қаралып, 606,0 мың теңге игерілді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (40 АЕК) 101000 теңгеден 1 адамға, тылда қажырлы және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған ардагерлерге (20 АЕК) 50500 теңгеден 10 адамға, 1941-1945 жылдар аралығында тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен 545 ардагерлерге (30 АЕК) 75750 теңгеден төленіп,  41284,0 мың теңге игерілді. 39 Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 3939,0 мың теңге, 30 Семей сынақ полигонына тікелей қатысушылар мен мүгедектеріне 2272,5 мың теңге қаралып, төленді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына  92 адамға 697,0 мың теңге қаралып, игерілді.

Жергілікті бюджеттен 2019 жылға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 74 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (40 АЕК) 101000 теңге, тылда қажырлы және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған ардагерлерге (30 АЕК) 75750 теңгеден, 31 Чернобыль АЭС апатының қатысушылары мен 14 Совет Армиясының мүгедектеріне (30АЕК) 75750 тағайындалып, төленді.

Облыстық бюджеттен сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 102 адамға 31965,0 мың теңге қаралып, 161 адамға 24509,3 мың теңге қаржы игерілді. Сонымен қатар  лейкозбен ауыратын 3 балаларға емделуге 691,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 3 балаға 691,0 мың теңге төлем жүргізілді.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға биылға 124 балаға 8698,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 143 балаға 8140,3 мың теңге қаржы тағайындалып, төленді.

Отан, Даңқ  ордендерімен  марапатталған, Халық қаһарманы және ҚР-ның т.б. құрметті атақтарына ие болған 5 азаматқа 296,0 мың теңге қаралып,                             2 азаматқа  115,1 теңге төленді

Мүгедектерге әлеуметтік такси қызметтерін ұсыну. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), «Тікелей шарт тұжырымы бір дерек көздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жасалынды. Облыстық бюджеттен  2634,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жеке көмекшілер мен ымдау тілі маманы қызметін  қажет ететін мүгедектерге қызмет көрсету.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), «Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде «Ұшқын» Қызылорда  мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жасалынды. Қимылында қиындығы бар бірінші топтағы 131 мүгедектерге жеке көмекші қызметіне 31156,0 мың теңге қаралған. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жеке көмекшілердің қызметақысын есептеуге арналған коэффициенттері өсуіне және жеке көмекші қызметін қажет ететін мүгедектердің санының  23 адамға артып, бүгінгі күнге 154 жеке көмекші болуына байланысты қосымша жергілікті бюджеттен  35663,9 мың теңге бөлінді.  Бүгінгі күнге жеке көмекшілердің қызметіне қызмет ақысына сәйкес қаржысы төленді. Естуі бойынша 18 мүгедектерге 3 ымдау тілі мамандарының қызметтерін көрсетуге республикалық бюджеттен ымдау тілі мамандарына қосымша 4016,0 мың теңге қаржы қаралып, 4010,0 қаржысы төленді.

Консультациялық кеңесші орган бойынша.

Аудан әкімдігінің 2019 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 жұмыс орны, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2 жұмыс орны, барлығы 7 жұмыс орны белгіленсе, жұмыс орындарына квота белгіленген мекемелерге аталған нысандағы азаматтар жұмыспен қатмылып, квота 100 пайызға орындалды.

Төмен деңгейде жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру жұмыстары бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан берілген 651 мекемелер мен кәсіпкерлік субьектілері (оның: 103 ММ, 548 ЖС) бойынша, жұмыстар жүргізіліп, тізімдегі мекемелерге қатысты  растау құжаттарымен толық мәліметтер алынып, басқармаға жолданды.  Жеке сектор бойынша 548 субьектінің 546-да жұмыскерлердің жалақысы көтерілсе, 2 мекеме жұмысы уақытша тоқтатылған, аталған 2 мекеменің анықтамалары басқармаға жолданған, жалпы пайыздық көрсеткіш 96,6 болып отыр.

Сонымен қатар,  төмен жалақыны көтеру бағытында аудан көлемінде 213 мекемеде Ұжымдық шарттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Ұжымдық шарттар қайта жасалып, уәкілетті органда тіркелді.

Сонымен қатар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Жобалық кеңсе аясында «Тиімді жұмыспен қамту» Жобасы әзірленді.

«Парыз», «Еңбек жолы» конкурстары және «Еңбек әулеті» форумы бойынша

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2019» конкурсы бойынша: «Парыз-2019» конкурсына Шиелі ауданынан «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Магнит» ЖШС және «Халық» Фермерлік қожалығы ұсынылып, конкурс лауреаттары марапатына ие болды.

 «Еңбек жолы» республикалық конкурсы бойынша: Еңбек қоғамының қалыптасуы мен нығаюы жолын насихаттау, еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында ағымдағы жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсына Шиелі ауданынан ұсынылған 9 үміткерлерден, онлайн дауыс беру қорытындысымен конкурстың 3 номинациясы бойынша 3 үміткер өңірлік кезеңнен өтіп,  04 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатысып, ҚР Еңбек Министрінің Алғыс хатымен марапатталды. «Еңбек әулеті» облыстық форумы бойынша Шиелі ауданынан 9 үміткер ұсынылып, оның екеуі облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Еңбек қатынастары саласы бойынша

Ағымдағы жылы «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия» мәжілісі 4 рет өткізіліп, онда өзара ынтымақтастық жөнінде үшжақты Меморандумға қол қою, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі мәселелер, жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу, қысқарғандарды жұмыспен қамту шараларын қарастыру және мекемелер мен жеке кәсіпкерлік субьектілері тарапынан жұмыскерлер алдында жалақыдан қарыздарын болдырмау, Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына кандидаттар ұсыну мәселелері  қаралады.

Сонымен қатар, комиссия отырысытарында аудан көлемінде төмен деңгейде жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Комиссияның желтоқсан айындағы кезекті мәжілісінде «Волковгеология» АҚ-ның «Оңтүстік ВГ» филиалы № 23 Экспедициясында және «Ру-6» ЖШС-де еңбекті қорғау саласында атқарылған жұмыстар жайлы кәсіподақ төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі күнге аудан бойынша Өзара ынтымақтастық жөніндегі үш жақты Меморандумға ағымдағы жылы аудандағы  84 жұмыс беруші мекемелер және аудан әкімдігі арасында үшжақты келісімге қол қойылды. Оның ішінде 3-і шетелдік компаниялар, атап айтқанда «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС, ООО «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг»  филиалы және «Ляньцзи Инвест Сервис Казахстан» ЖШС.

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында жұмыспен қамту секторының меңгерушісі, аудандық ішкі саясат, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС жұмысшыларымен Шетелдік жұмыс беруші мекемелерде Ұлтаралық шиеленістің, еңбек дауларының алдын-алу, татулық пен келісімді сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы алғанда  Шиелі ауданы бойынша еңбек қатынастары саласындағы ахуал бірқалыпты. Жыл басынан аудан көлеміндегі кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыскерлерге жалақы қарыздары қалыптаспаған, сонымен қатар өндіріс орындарында жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақат алу жағдайлары орын алмаған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі бойынша

Аудан бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанына Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу – 558, Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу – 182, Бала тууды тіркеу – 1780, Әкелікті анықтауды тіркеу – 90, Бала асырап алуды тіркеу – 3, Қайтыс болуды тіркеу – 449, Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер – 1240, және анықтамалар беру – 594, Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу – 11, Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру – 32, Азаматтық хал актілері жазбаларын жою – 3, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 74 азаматқа рәсімделді. Барлығы 5025 азаматқа АХАТ қызметі көрсетілді.

Бюджетті орындау

     

Бюджеттің атқарылуы

Қаржыландыру жоспары бойынша 2019 жылға 1680630,0 мың теңге қаралған, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 909791,5 мың теңге игерілген немесе қаржыландыру жоспары 54,1 пайызға орындалған, оның ішінде:

- әлеуметтік қамсыздандыруға қаралғаны жергілікті бюджеттен 609377,0 мың теңге, игерілгені 250751,7 мың теңге, немесе 41,1 пайыз;

- республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерге бөлінген 1071253,0 мың теңгеден 659039,8 мың теңге игерілді, немесе 61,5; 

2020 жылғы жоспарланған әлеуметтік жобалар

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-қосымша
2020 жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат 
№ п/п Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы Жоспарланған сомасы, мың теңге Келісім шарт соммасы Келісім шарттың жылы. айы. күні. Жеңімпаз Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның іске асыруының қысқаша мазмұны
1 "Шиелі аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы қызмет 1600,0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру 
2 "Шиелі аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 9 мамыр Ұлы Отан Жеңіс күнін атап өту іс шарасы 1070,0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру 
3 "Шиелі аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 маусым Балалар күнін атап өту іс шарасы 806,0 0,0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру 
4 "Шиелі аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүмкіндігі шектеулі  азаматтармен жұмыс жасау қызметін ұйымдастыру 2100,0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру 
Барлығы 6 (алты) жоба 5576,0

2019 жылғы әлеуметтік жобалардың бағалау нәтижелері

  

2019 жылғы әлеуметтік жобалардың бағалау нәтижелері жүктеп алу

Видео ақпараттар

Жиі қаралатын ақпараттар

Scroll to top