KASE қорытындысы: 1 доллар = 327 теңге 42 тиын -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша 1 ..." -- 25 Мамыр 2018
ҚР Мемлекеттік хатшысы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның ... -- "Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың ..." -- 25 Мамыр 2018
Н.Назарбаев кәсіпкерлік қызмет туралы заңға жария түрде қол қойды -- "Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау ..." -- 25 Мамыр 2018
«БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы -- "«БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының Шиелі ..." -- 25 Мамыр 2018
ШИЕЛІДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ... -- "18 мамыр күні ауданы әкімі Ә.Оразбекұлының ..." -- 21 Мамыр 2018
Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім грамоталарын тапсырды -- "17 мамырда Қазақстанның Ирландиядағы елшісі ..." -- 18 Мамыр 2018
Елбасы Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арналған ... -- "Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі ..." -- 18 Мамыр 2018
Мемлекет басшысы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сингапурлық ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Елбасы Батыс Қазақстан облысының ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Жиында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің 2017 жылдың ..." -- 15 Мамыр 2018

Шиелі ауданы Мәдени-шығармашылық орталығы бойынша өткізілген мәдени шаралардың жайлы  қысқаша мәліметі

 

Шиелі ауданында бүгінгі таңда аудан халқына 1 аудандық мәдениет Үйі, 1 «Арман» кенттік мәдениет үйі,  10 ауылдық мәдениет үйлері мен 15 ауылдық клубы,  барлығы  27 мәдени ошақтары, 7 халықтық ұжым, 2 мәдени-демалыс кешендері халыққа  мәдени қызмет көрсетіп келеді. 

Қаңтар айында жаңа ит жылын қарсы алуға орай «Жаңа жыл, жаңа белес, жаңа нұр» атты сала қызметкерлерінің жаңа жылдық балалар ертеңгілігі  ұйымдастырылды. Ертеңгілік «Ертегілер елінде» атты ертегі желісі бойынша жүргізілді. Балалар Аяз ата мен Қарашқыздан өз өнерлерін көрсетіп, жаңа жылдық бағалы сыйлықтарды сыйға алды.

 Аудандық мәдениет Үйінде айында адамзаттың асыл тәжі болған, пайғамбарымыз Мұхаммедтің  (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туылған айы - Мәуліт мерекесімен араға жыл салып қайта қауыштық. Мұсылман қауымы үшін мәні мен маңызы ерекше мерекелер, әр апта сайын келетін қасиетті жұма күні, айлардың сұлтаны – Рамазан және ұлық мейрам Құрбан айтпен қатар Алла елшісінің дүниеге келіп, әлемді қуаныш пен нұрға бөлеген күн - Мәуліт бүгінгі күні бүкіл адамзаттың ортақ мейрамына айналды. Атаулы мереке біздің ауданымызда да  жыл сайын кеңінен тойлануда. Қасиетті Мәуліт айында ғибараты мен тағылымы, өнегесі мен игілігі мол сан түрлі шаралар атқарылып келеді.Сонын бірі 11 қаңтар күні «Салауат саған Мұхаммед» атты мәуліт мерекесі аталып өтілді. Кеш барысында аудан жастары иллахи әндермен қатар жастарға ой салатын сахналық көріністерді де сахналады.

Жөлек ауылдық мәдениет үйінде «Жұлдызды сәт-2018» атты концерт болып өтті. Концертте ән үйірмесінің мүшелері  Сәбитқызы Арайлым           Ә. Ноғайбайдың «Туған жер» әнін,  Н. Мизамбаевтың «Қазақстан құт мекенім» атты әнін Перизат Пірімжан шырқады, би үйірмесінің мүшелері өзге ұлттардың билерін билеп, елдің ыстық ықыласына бөленді.

7 ақпан күні аудандық мәдениет Үйін де Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі таңдап, өзі негізін салып, өзі іргетасын қалаған сүйікті шаһарымыз Астана қаласының    20 жылдық мерей мерекесіне арналған «Астана  - мәңгілік Елордам!» атты мерекелік концерт өткізілді. Концертті Астана жайлы толық мәлімет беретін прологпен ашылып, аудан әкімі Ә. Оразбекұлының құттықтауына ұласып, аудан өнерпаздарының туған жер, Отан жайындағы әсем әндермен жалғасын тауып, кеш өте жақсы денгейде өткізілді.

10 ақпан күні аудандық әуез мектебімен бірлесе ұстаз-хореограф Балқаш Томаеваның «Өнерім өмірім» атты зейнетке шығарау шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Кешті ұстаздың жеткен жетістіктерін көрерменге толықтай жеткізу үшін бейнеролик дайындалып кештің басы сонымен ашылды. Кешті «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет ашып, ұзтазды алғыс хатпен марапаттады. Ұстаздың өзі құрған республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы «Ақжелкен» би тобы түрлі ұлттардың билерін билеп өз ұстаздарының мерейін асқақтатты. Кеш соңында аудан халқы кеш иесіне алғыстарын білдірді.

15 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде 9 жыл 51 күнге созылған Ауған соғысының аяқталғанына биыл 29 жыл толды. 1979 жылдың 29 желтоқсанында КСРО қарулы күштері Ауғанстанға басып кіріп, соңы ұзақ соғысқа айналды. Оған Қазақстаннан 22000 адам аттанып, 800-ге жуығы қаза болып, өз жеріне қайтып келмеді. Ал аман-есен еліне, отбасына оралғандар бүгінгі күні бейбіт өмір сүруде. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу мақсатында «Мың тағзым Сіздерге, ардагер ағалар» атты салтанатты кеш болды. Кешті аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып, ардагерлерге тағзым жасап, мықты денсаулық, елге амандық тілеп, біршама ардагерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты кеш барысында берілген концерттік бағдарламада жергілікті сазгерлердің патриоттық тақырыпта жазылған әндерін мәдениет үйінің өнерпаздары          Ә. Ноғайбай,   С. Сейтенов, А. Досмағанбетов, А. Есімов, А. Абдукаримова, М. Әлиева, С. Көрегенов, Е. Терлікбаев шырқады.

16 ақпан күні мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Еңбекші, Жиделіарық ауылдарында көркемөнерраздарды тауып, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Ел іші-өнер кеніші» атты ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы өткілді. Концерттің өту денгейін  саралайтын көшпелі қазылар алқасы яғни бөлім басшысы И.Байкенжеев, бас маман Ж. Отарбаева, «Ноғайбаевтар» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі Ә. Ноғайбай, Мәдени шығармашылық орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Г.Әбдімомыновалар ауылдарға барып ауыл көркемөнерпаздарының шығармашылығын бағалап, ауданда өтетін галаконцертке өнерпаздарды іріктеп қайтты.

Осы күні аудандық мәдениет Үйін де Өлең - ақын жүрегінде туып, жетіліп, пісіп барып, кесек шығармаға айналады. Ол миллиондаған жүректерге ұяласа, парасатты поэзия биігіне шығып, өнер сүйер қауымды рахатқа бөлейді. Адам әдемі әнге де, жақсы жырға да, шешен сөзге де елітеді, ұйыйды. Шиелінің киелі топырағында дүниеге келіп, Сыр сүлейлерінің жырын жаттап өскен, қазақ поэзиясына өзіндік, ақындық даусымен жетіп, жұртшылық көңілінен шығып жүрген ақындарымыздың бірі, Шиелінің түлегі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, лирик, сыршыл ақын Сәрсенбек Бекмұратұлының «Туған жерге тағзым» аясында «Сағындырған поэзия» атты кездесу кеші болып өтті. Кешті аудан әкімі Әшім  Оразбекұлы ашып, кеш иесіне шығармашылық табыс тілеп, бағалы сыйлықты сыйға тартты. Ақын Сәрсенбек Бекмұратұлымен сұхбатты  Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының құрметті азаматы Өркен Әзімханұлы жүргізді. Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған Ө. Исмаилдың, Ә. Ноғайбайдың әндерін мәдениет қызметкерлері орындап, кеш иесінің алғысына бөленді.

22 наурыз –Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Ұлы Даланың ұлық  мерекесі –әз Наурыз» атты мерекелік шара болып өтті. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі шығармашылық ұжымның қатысуымен театрландырылған қойылыммен басталып,  мерекелік көріністер көрсетілді. Алаңға бірнеше киіз үйлер тігіліп, мерекені тамашалауға келген халыққа қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.

Мерекелік шараны аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ашып беріп, аудан жұртшылығын наурыз мерекесімен құттықтап алғысын білдірді. Одан әрі мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Балалар, қыз-жігіттер алтыбақан тебісіп және жастар қыз бен жігіттің айтысын тамашалап, спорттық ойындармен жалғасын тауып жатты. Мерекелік шара аудан жұртшылығына көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ жұртыңды құрметтеу-туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»- десе, Шиелінің өткені мен бүгінін терең зерттеп, жерлестеріміздің бойында туған өлкенің тарихын тану, оны ардақтау сияқты түсініктер мен қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор.  «Тарихтан-тағылым!». Ал тарихтан тағылым алу өсер елдің еншісі болса керек. Әрбір адам – тарих, әрбір адам – өмір. Шиелі жұртшылығы өткенін ұмытпаған, бүгінін ұлықтаған, басшысын бағалап, талантты ұл-қызын тұғырға төрлетіп, ешқашан тектілігінен танбаған.

Туған жердің әсемдігін қаншалықты мақтағанмен, оның атын шығаратын, әсемдендіріп, түрлендіретін оның ұлдары мен қыздары десек, ауданымыздың 90 жылдық тарихында абыройлы еңбек етіп, егемен еліміздің баянды болашағына өлшеусіз үлес қосқан, даралық пен даналықты бойларына жинаған Сыр перзенттері әртүрлі салада қызмет етсе де тек туған жері мен елі үшін еңбек еткен жандар дербес зейнеткер, «Шиелі ауданының құрметті азаматы» Рахим Мауияұлы Мауяев,  ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері Сейілбек  Кемелұлы Аманжолов, Мүтәліп Жантөреұлы Жантөреев.

Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында  «Сексеннің шықты биыл сеңгіріне» атты кездесу кеші болып өтті. Кешті аудан әкімі ашып, кеш иелеріне ұзақ ғымыр тілеп, мерейтойларымен құттықтап, сый-сыйапат жасады. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жерлесіміз Сейілбек Шаухаманұлы Шаухаманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразымбетов Сұлтанбек Қойшыбайұлы сөз алып, кеш иелерінің еліміздің дамуына қосқан үлестерін кейінгі жастарға үлгі болсын деген мақсатта айтып өтті. Кеш соңында мерейтой иелері ел ағаларына, аудан халқына ризашылықтарын білдірді.

Видео ақпараттар

Scroll to top