АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 15 тамыз 2019 жылдың 1 тамызына ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы ..." -- 23 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019

Шиелі ауданының 2019 жылдың 6 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы анықтама

         БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ                                                     

         Аудандық бюджеттің кірісі 2019 жылдың 6 айында болжамдалған   9884,9 млн. теңгенің орнына 9975,9 млн. теңгеге немесе 100,9 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 915,9 млн. теңгенің орнына          1006,9 млн. теңге болып 109,9  пайызға орындалды. 

Есепті мерзім ішінде аудандық бюджет шығысы 9890,4 млн. теңгеге немесе 99,4 пайызға (болжам9949,8 млн. теңге) игерілді.

         ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ  ЖӘНЕ  КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 13639,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, тиісті кезеңге 103,7 пайыз. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 3728,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді, тиісті кезеңге 105,8  пайыз.

2019 жылдың 6 айында ауданда кәсіпкерліктің 4501 субъектісі тіркеліп, онда 7836 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен ауданда 3 жоба жүзеге асырылуда.

Біріншісі, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты.

Екіншісі, «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Аталған кен орнын «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін       4,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жоспарланып, қосымша 50 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Үшіншісі,  2017 жылы өңірлік картаға енгізілген «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн. теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

2019 жылдың 6 айында ауылшаруашылығы саласы бойынша 3756,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда           102,5 пайыз. 

2019 жылдың 6 айында ірі қара 58192 басты, уақ мал 102118 басты, жылқы 17613 басты, түйе 1524 басты, құс 25334 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 104,5 пайызды, уақ мал 112,2 пайызды, жылқы            118,0 пайызды, түйе 103,7  пайызды құрады.

2019 жылдың 6 айында тірілей салмақта 2435,6 тонна ет, 8871,3 тонна сүт, 1440,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет          103,7 пайызға, сүт 102,3 пайызға, жұмыртқа 91,5 пайызға орындалып  отыр.

 

ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС

2019 жылдың 6 айында негізгі қорға барлығы 21571,0 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 170,6 пайыз.

Жалпы ауданы 27566,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,8  пайыз.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 10489,0 млн теңгеге жетіп, тиісті кезеңнен 6,7 есеге артқан.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 39552 экономикалық белсенді халықтың 37615 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1937 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

2019 жылы 1100 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімде 582 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 52,9 пайызға орындалды.

Видео ақпараттар

Scroll to top