ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ... -- "АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ..." -- 21 Қазан 2019

Индустриялды инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 3 жоба жүзеге асырылуда.  

  1. 1. «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты аудандағы Қытай халық республикасымен бірлескен және индустрияландыру картасына енгізілген ірі жобалардың бірі. Жобаға мемлекеттік қолдау шаралары ретінде индустриялды аймақтың жанынан 50 гектар жер телімі табысталды. Оның 46 гектары зауыт құрылысы үшін, қалған 4 гектары қызметкерлерге жатақхана ғимаратын салу үшін. «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің томпанажды цемент зауыты 2018 жылдың 11 желтоқсанында Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір аясында іске қосылды.
  2. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала-сауысқандық кенішінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасының ІІ және ІІІ кезеңдерін қаржыландыру мәселесі бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, облыс әкімдігі және британдық «Ferro-Alloy Recources Limited» компаниясы арасында құны 125 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыру бойынша үшжақты келісімге қол қойылды. Жобаның 3 кезеңінің жалпы құны – 34,9 млрд.теңге. Жобаның бірінші және екінші кезеңдерін жүзеге асыру нәтижесінде өндірістік-тәжірибелік кәсіпорын құрылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 147 адам жұмыспен қамтылған.
  3. «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасының қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем өндіру. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан Қаратау беткейінен 30 га жер телімі зауыт құрылысы үшін, ал 5000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталып, жерге орналастыру сызбасы әзірленуде.

   «КазАгрофинанс» мекемесі  арқылы 5 дана аулшаруашылық техникаларын алуға жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, жоңышқа және мақсары егу үшін1000 га жер телімін әзірлеу (мелиоративтік) жұмыстары жүргізілуде.

Видео ақпараттар

Scroll to top