ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді -- "БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының ..." -- 03 Шілде 2019
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019

Құрылыс

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың
І
I-тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары

 

Құрылыс саласы бойынша

Құрылыс-монтаждау жұмыстары, нысандарды салу

2019 жылдың ІI-тоқсаны бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден барлығы
2 013 422,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде тиісті құрылыс-монтаждау және мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесімен төмендегідей жүргізілуде.

           

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында

  1. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік инфрақұрылым құрылысы (Электрмен жабдықтау)»жұмысына республикалық бюджеттен 222 888,0 мың теңге (оның ішінде 43 553,0 мың теңге үнемделген қаржы), облыстық бюджеттен 6 469,0 мың теңге қаржы қаралып құрылыс-монтаждау жұмыстары бас мердігер «Ақмешіт-Мелиоротар» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы толығымен пайдалануға беріледі.
  2. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шұғыла-2 мөлтек ауданының инженерлік инфрақұрылым құрылысы (Электрмен жабдықтау)»жұмысына республикалық бюджеттен 493 249,0 мың теңге(оның ішінде 92 390,8 мың теңге үнемделген қаржы), облыстық бюджеттен 13 979,0 мың теңге қаржы қаралып құрылыс-монтаждау жұмыстары бас мердігер «Электромонтаж» АҚ тарапынан жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы толығымен пайдалануға беріледі.
  3. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік инфрақұрылым құрылысы (Сумен жабдықтау)»жұмысына облыстық бюджеттен 8 742,0 мың теңге қаржы қаралып құрылыс-монтаждау жұмыстары бас мердігер «Алтын-Айдарлы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы толығымен пайдалануға беріледі.
  4. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шұғыла-2, Шұғыла-3 жəне Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дамыту жəне жайластыру. Тас жолдарының құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 291 762,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен екінші ретмемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бас мердігері анықталған соң, үнемделген қаржылар бюджетке кері қайтарылып,
    құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады. Нысан 2020 жылға өтпелі.
  5. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі үш қабатты
    18-пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 122 750,0 мың теңгеқаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Бас мердігер «СМП-Қызылорда» ЖШС-мен 215 168,1 мың теңгеге келісім шарт жасалып,құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Нысан 2020 жылға өтпелі.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы

  1. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы» жұмысына республикалық бюджеттен 300 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 8 333,0 мың теңге қаржы қаралып,облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде «Бақ-Береке 2030» ЖШС жеңімпаз болып танылып осы жылдың 22 май күні келісім шарт жасалып құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
  2. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы» жұмысына республикалық бюджеттен 300 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 8 333,0 мың теңге қаржы қаралып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде және басқарма тарапынантүрлі себептермен 2 рет қайта жариаланды.
  3. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бірлестік елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысы»жұмысына аудандық бюджеттен 51 000,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесіменбас мердігер «Сәт-Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  4. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 66 885,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесіменбас мердігер «Сәт-Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  5. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы 1 Май елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 92 128,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Бас мердігер «РЗА» АҚ-мен 81 672,3 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ветеринария саласындағы құрылыс нысандары

  1. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округі Тартоғай ауылында мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен13 452,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде бас мердігер «АК-ЮГ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-мен 11 468,6 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  2. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Телкөл ауылдық округі Ə.Тəжібаев ауылында мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен13 452,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде бас мердігер «АК-ЮГ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-мен 11 468,6 мың теңгеге келісім шарт жасалынып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Осы айда нысан қабылданатын болады.

Жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу

2019 жылдың І-тоқсаны бойынша жұмыс жобаларына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеп, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларын алуға барлығы 110 779,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Таратып айтар болсақ;

  1. Аудандық бюджет есебінен Жансейіт елді мекенінде 100 орындық мектеп, Шиелі кентіндегі №48 мектеп-лицейінің 300 орындық қосымша корпус құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама қарауына ұсынылды.
  2. Байсын елді мекенінде 250 орындық мектептің жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қортындысы алынды.
  3. Шиелі кентінің Акорда мөлтек ауданындағы 3 бөлмелі бірпәтерлі
    34 тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама қарауына ұсынылды.
  4. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая, Еңбекші, Бестам, Бәйгеқұм, Алмалы, Жиделіарық, Ортақшыл, Ш.Қодаманов, Алғабас, Майлытоғай, Сұлутөбе, Досбол датқа, Тұрсынбай датқа және Бұланбайбауы ауылдарында мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылысы» жұмыс жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеп, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларын алуға аудандық бюджеттен 43 932,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде "СТРОЙ-ТЕХ" ЖШС –мен келісім шарт жасалды.
  5. «Қызылорда облысының Шиелі ауданында балаларды демалтуға арналған 150 орындық сауықтыру лагерін салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алуға аудандық бюджеттен 1 847,0 мың теңге қаржы қаралды, алдағы уақытта ведомстводан тыс кешенді сараптама қарауына ұсынылады.
  6. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің шығыс аймағының (115 га) және батыс аймағының (105  га)егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 42 500,0 мың теңге қаржы қаралды, нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сәулет саласы бойынша

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды рәсімдеу және беру Ережесіне сәйкес  2019 жылдың 2-тоқсанында 23 сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) бекітіліп берілді, өтініш берушілердің ғимараттарына қайта жоспарлауға рұқсат беру саны - 45, эскиздік жобаны бекітумемлекеттік қызметі                                  -12, ғимараттарға реттік нөмірлер беру - 727, берілді. Шиелі ауданы бойынша 2019 жылдың     2-тоқсанында пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысының саны 241, жалпы ауданы                 27566 м2. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102 пайызға орындалды. Мемлекеттік қызмет түрлері бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізілді.

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top