«ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ЗАУЫТ АЛАҢЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 21 Қараша 2018
Ы.ЖАҚАЕВ ЕЛДІ МЕКЕНІ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ -- "Бүгін облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың Шиелі ауданына ..." -- 19 Қараша 2018
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызылорда ..." -- 15 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Мекен-жайы:
  • Инд: 120713, Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы,
  • Ы.Жақаев көшесі № 31. Тел/факс  8-724-32-24-2-02
  • E-mail: akimat­_irkol@mail.ru
Иіркөл ауылдық округінің әкімі

slamhan

Монтаев Сламхан Әлиакбарұлы 1962 жылы  29 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғарғы. 1979-1984 жылдары жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Шиелі колхоз аралық құрылыс  мекемесінде тас қалаушы болып бастаған.

1986-1987 жылдары Шиелі Шиелі колхоз аралық құрылыс  мекемесінде аға экономист қызметін атқарған.

1987-1995 жылдары Шиелі аудандық ауылшаруашылығы  басқармасы кәсіподақ  ұйымы  хатшысы қызметін атқарған.

1995-1997 жылдары Ы.Жақаев колхозының  бас экономисті қызметін атқарған.

1997-2000 жылдары «Ынтымақ»  шаруа қожалығында бас есепші  қызметін атқарған.

2000-2009 жылдары «Сағындық» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарған.

2009-2015 жылдары Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.   

2015 жылдың ақпан айынан Иіркөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 Негізгі міндеттері:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан, ауыл әкімінің өкім, шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, тексерілуін ұйымдастырады. Жалпы басшылық жасау. Құпия іс-қағаздармен жұмыс. Ауыл әкімінің аппаратының жұмысының сапалы жүруін ұйымдастырады.   Ауыл әкімінің аппаратында қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау.

2. Ауыл әкімінің аппаратының жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Мемлекеттік қызметшінің

аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы,

үй және қызметтік телефоны

Санаты

Монтаев Сламхан Әлиакбарұлы

Ауыл әкімі

Ы.Жақаев ауылы, Абай көшесі №15-а тел: үй тел: 24-2-07

жұмыс тел: 24-2-44

сот: 87014194020

Саяси

Ержан

Оралбек    Оразбекұлы

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

Ы.Жақаев ауылы, Ержанова тұйығы№ 7 тел: үй тел: 24-2-46

жұмыс тел: 24-2-02

сот: 87026662640

Е-G-3

Биманова Жанар Тохановна

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі бас маман

Шиелі кенті

Бұхар жырау №12/1

Тел: үй тел 4-57-41

Жұмыс тел 24-2-02

Сот:87782022672

Е-G-3

Қожаназарова Гүлнар Молданазарқызы

 Жетекші маман, заң қызметкері

Ы.Жақаев ауылы, Жахаев көшесі № 45 тел: үй тел: 24-2-66

жұмыс тел: 24-2-02

сот: 87758494609

Е-G-4

Берденова Асель Бахытжановна

Қаржы саласы (есепші) жөніндегі жетекші маман

Ы.жақаев ауылы

Ы.Жақаев көшесі №

Тел: үй 24-2-35

Жұмыс 24-2-02

Сот 87781256684

Е-G-4

Ереже

«Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты»

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

  1. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын  өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы  болып  табылады.

2. «Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведмоствосы:

1)«Балдырған» бала бақшасы» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны бар. 

  1. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  2. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  5. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       
  6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан  Республикасы 120713, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Ы. Жақаев ауылы.
  7. Мемлекеттік органның толық атауы – «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8.   Осы Ереже «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.
  9. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
            13. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
             Егер «Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  10. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері
  11. «Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің       миссиясы:
    «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Иіркөл ауылдық округінің  әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады.

Мемлекеттің саясатын Ыбырай Жақаев ауыл аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

 15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде

Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   функциялары:                                                                                            
 - Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу  және тарату;

-  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

-  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

-заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

2) «Балдырған» бала бақшасы» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі кәсіпорын) функциялары:

1) мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу;

2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;

3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;

4) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;

5) бес (алты) жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету;

6) тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен өзара iс-қимыл жасау;

7) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультативтiк көмектi ұйымдастыру.

Лицензиялауға жататын қызметті кәсіпорын тиісті лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

1.7.Құқықтары мен міндеттері:

2.1. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар:

1)   Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2)  әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3)  әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

4)  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8)  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9)  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    19. «Иіркөл ауылдық  округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды
    және қызметтен босатады.
  2. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын штаттық бірлік қарламаған.
    21.   «Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi

«Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23) мекеме  қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық  бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша  дербес жауаптылықта болады; 

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;
25. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің  өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

26.«Иіркөл ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Иіркөл  ауылдық округінің әкімі  басқарады.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

  1. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншіккежатады.
     26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Иіркөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  2. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  3. «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3.Статитикалық ақпарат

«Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  өзінің жұмысын «Қазақстан Республикасындығы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент  Жарлықтарының, Үкімет пен басқару органдарының шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып, көрсетілген өкілеттікке сай жұмыстарды атқарып келеді.

  Ауылдық округ 2 елді мекеннен тұрады: Ы. Жақаев, Жансейіт ауылдары. Тұрғын үй саны- 667 Ы. Жақаевта –  589, Жансейітте -78.  Барлық тұрғындар саны  3420 адам. Атап айтқанда Жақаев ауылында- 2953, Жансейіт ауылында –467 адам бар. Зейнеткерлер -300, І-ІІ-ІІІ топ мүгедектері –38, асыраушысынан айырылғандар –25, Батыр аналар, 4 бала және одан да көп бала тапқандар -126, 1941-45 жылдары тылда еңбек еткендер -15.

Ауылдық округ бойынша 18 шаруа қожалығы бар. Егінмен  11 шаруа қожалығы айналысатын болса, 7 мал шаруашылығымен  айналысады.

Ауылдық округі бойынша 2630 бас мүйізді ірі қара, 284 бас жылқы, 1000 бас уақ мал, шошқа- 181, құс-700бас бар.

Жыл басынан- 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып тазалау, жөндеу, көгалдандыру көркейту жұмыстарымен айналысты. Жастар практикасынан -5 жас мамандар  өтті. 

.

Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты 2 елді мекенде 1 аймақтық инспектор бар. Ардагерлер кеңесінің төрағасы және аймақтық  инспектордың  қатысуымен ауыл жастары мен оқушылар арасында құқық бұзушылық және нашақорлықты  болдырмау  мақсатында  тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде.

Ы.Жақаев ауылында 220, Жансейіт ауылында 23,  барлығы 243 телефон нүктесі бар.

Ауылдық округ бойынша 2017 жылдың 12 айында жер салығының жоспары-45000 теңге, жиналғаны-211000 теңге, мүлік салығының жоспары-177000теңге,жиналғаны - 67200, көлік салығының жоспары-1090000т, жиналғаны-1183000теңге, жиналды.

4.Аналитикалық ақпарат

 

Ауыл әкімінің аппараты округ көлемінде мемлекет саясатының жүргізілуімен бірге, ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға, байланысты мынадай жоспарлар мен жобаларды іске асыруды алға қойып отыр:

  1. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары аясында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру басты міндеттер болып табылады.

  1. Ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру.

- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын халық арасында кеңінен насихаттау, ауыл тұрғындарының саяси, құқықтық сауаттылығын көтеру, жоғары мемлекеттік қызмет сапасын көрсету арқылы халықтың билікке деген сенімін арттыру, ауылды қоғамдық-саяси ахуалды сақтап отыру.

  1. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсету, олардың тұрмыстық деңгейін көтеруге ықпал жасау.

- Ауыл тұрғындарының тұрмыс – тіршілігін зерттеу, анықтау арқылы нақты әлеуметтік карта жасау, аз қамтылған отбасыларына нақты көмек көрсету жұмыстарын жалғастыру, ұйымдастыру.

  1. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды дамыту.

- -Ауылды көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру.

  1. Жұмыс тәртібі.

«Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты 9-00-19-00 –ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден-15-00-ге дейін. Демалыс сенбі, жексенбі күндері.

Жалпы мәлімет

Иіркөл ауылдық округінің қысқаша тарихы

Қызылорда облыстық ұйымдастыру комитеті президиумының №38 шешімімен 1928 жылғы 8 тамызда құрылған Шиелі ауданының құрамына Иіркөл ауылдық кеңесі кірді.

 Ауылдық кеңестің орталығы «Қызылту» ұжымшарының /қазіргі Ы.Жақаев ұжымшары/ елді мекені болып белгіленді.

Колхоздың негізі 1929 жылы Қарғалы деген жерде егінші шаруалар серіктестігі болып құрылған. Ол 1930 жылы Көкиірім арығының сағасына көшіп, «Қызылту» ұжымшарының іргетасы қаланды. Ең бірінші ұжымшар төрағасы Боқаев Сыздық, оның орынбасары Байсариев Сейдахмет болған. Ұжымға мүше болып: Қарғалы бойындағы 30 үй, №19 ауылдан 30 шақты үй, №25 ауылдан отыз шақты үй қосылды. Сөйтіп, барлығы 107 үй болып артель құрылды.

Соғыс уақытында бір топ әйел жолдастар тракторшылар дайындау курсінде оқып, маман кадрлар санын толықтыра түсті. Олар: Ержанова Қалия, Қаражанова Мерек, Түменбаева Бибіхан, Мұсабекова Ажар көп уақыт трактор рулінде отырды.

Ұлы отан соғысының сұрапыл жылдарында Шиелі өңірінің халқын аштық ажалынан алып қалған екпінді құрылыс-Шиелі каналының құрылысына айрықша мән берілді. 1938-1940 жылдары Сыр өңірін суландыру мақсатында Шиелі каналын қазуға қатысқан ауыл азаматтары: Ыбыраев Маулен, Жүсіпов Нәрзілдә, Құлжанов Жұмабек, Дәуішова Ұлдар, Тілеубаева Әбдімәулен, Сахиев Сейтімхан, Сақауов Тілеубай тағы басқалар.

Тоқсанбаев Арысбай ағамыз ауылды басқарып тұрғанда, ұжымшар қарамағындағы жабайы жерлер бұзылып, ауыспалы танапты жерлер / планировка / жасалды. Сол кезде ұжымшар есебінде 33 мың қой, 3000 сиыр, 300 жылқы, 50 шақты түйе болды.

 «Қызылту» колхозы күріш егіп, одан мол өнім алып, 1948-1949 жылдары 
4 адам Ленин орденімен наградталды. Атап айтсақ: Ыбырай Жақаев, Оразымбетов Қойшыбай, Дәуішова Ұлдар, Меңлібеков Сағындық. Соның ішінде аты әлемге әйгілі дала академигі атанған Ы.Жақаев 1947 жылы күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алып, жұмыр жерде бұрын соңды алып көрмеген дүниежүзілік рекорд жасады. Ы.Жақаевтың көп жылдар бойғы еңбегі жоғары бағаланып, 1946 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1971 жылы екінші рет Орақ пен Балға алтын медалімен наградталды. Төрт Ленин, «Еңбек Қызылту», «Халықтар достығы» орденінің кавалері. Ауыл көлемінде Ы.Жақаевтың ізбасарлары көптеп саналады: Социалистік Еңбек Ері Заһира Ержанова, Бегалиев Серикбай, Қарабаева Раушан, Түменбаева Шамен, Байжігітова Күнімхан, Муслимова Шаркуль, Жантұрсынова Сарсенгүл т.б.

Ұжымшар басқармасында Нұрекеев Рхмет ағамыз тапжылмай 11 жыл еңбек етті. Сол кісінің тұсында халық қажетіне жарарлықтай көптеген жұмыстар жасалды. Өзі бас болып, ауылға электр станциясын / қазіргі мешіт үйі / салдырып, мотормен ауылға жарық берді. 1950 жылдары телефон, радио байланыстарын орнатты. Шиелі мен екі ортадағы жолға жөндеу жұмыстарын жүргізді, алма бағын ектірді.

         Нүрекеев Рахметтен кейін колхозды 3 жылдай уақытта Бижанов Әбутәліп ағамыз басқарды. Ауыл еңбеккерлерін түрлі жұмыстарға өте шебер ұйымдастыра білді, өзінің іскерлік қаблетінің нәтижесінде шаруашылықтың жұмысын жақсартады. Ол кісінің қарапайым да кішіпейіл, іскер де шаруақор мінезі жайлы ел арасында әңгіме көп.

         Ұжымшарда мектеп 1927 жылы бастауыш негізінде құрылған. 1948 жылы 7 жылдық, 1958 жылы 8 жылдық, 1968 жылы 10 жылдық орта мектебіне айналды.

         1942 жылдан бастап осы «Қызылту» мектебіне директор болып келген Шоқаев Ибрагим ұжымшармен тығыз байланыс жасап, мектеп мұғалімдері мен оқушыларын егін жинауға қатыстырып отырды. Сонымен қатар Тілеубаев Әбдіқайыр арқылы ауыл еңбеккерлеріне сауат аштырды. Шоқаев Ибрагим ағамыз Шиелідегі №45, ауылдағы №149 мектептердің кірпішін өз қолымен қалап, жастарға білім беруде ешқашан жалыққан емес. №149 мектептің ұзақ жылғы тарихында оның шаруашылық, оқу-ағарту жұмыстарының жақсаруына ат салысқан мына кісілердің есімдерін атап кетейік. Олар: Шоқаев Ибрагимнен кейінгі мектеп басшылары: Таспамбетова Қанымжан, Күлімбетов Мәлібек, Монтаева Әлиакбар, Тұрысбеков Сейітхан, Жүсіпова Пернеш. Досымова Малика, қазіргі таңда Архабаева Айнұр.

         Бала бақша 1953 жылы алғаш рет ашылған. Меңгерушісі болып Ақпанбетова Рахима қызмет атқарған.Ұжымшардың баланысымен ұжымшар басқармасы Нүрекеев Рахмет басшылық жасаған 1 топпен жұмыс атқарған. 1956 жылдың көктем мезгілінен бастап Қарабаева Раушан бала бақшаға меңгерушісі болып, 3 топпен жұмыс атқарған. 1978 жылы Шағырбаева Хадиша меңгеруші болып қабылданды. 1982 жылы жаңа типтік жобадағы бала бақшаға көшірілді. 6 топпен жұмыс атқарды. 1986 жылдың қазан айынан бастап бала бақша меңгерушісі болып Күзембаева Айғанша қызмет атқарды.

 «Елдің айнасы-еңбегі»

«Батыр ерлігі-баршаға өнеге»

Қоспанбетов Ақпанбет -1930 жылы колхоз /Қызылту/ мүшесі болып сол жылдың маусым айының аяғына дейін колхоз бастығы, Шиелі ауданына қарасты №19 ауылдың кеңес председателі, 1932-34 жылдары «Төңкеріс» колхозында партия ұйымының секретары, 1934-37 жылдары «Қызылту» колхоз председателі, 1942-1943 жылдары «Қызылту» колхоз председателі, 1945 жылы Бәйкеқұм ауылдық кеңес председателі.

         Боқаев Сыздық-«Қызылту» колхозының ең алғашқы председателі.

         Ыбырай Жақаев – 1949-1971 жылдары екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, төрт Ленин, «Еңбек ҚызылТу», «Халықтар достығы» орденінің каволері.

         Закира Ержанова-Ы.Жақаевтың ізбасары, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік дәрежедегі дербес зейнеткер.

         Оразымбетов Қойшыбай-Ы.Жақаевтың ізбасары, Ленин орденімен, бірнеше медальдармен наградталған, Ы.Жахаевтың бригадиры.

         Қоңыратбаев Әуелбек-филология ғылымының докторы, профессор, Шығыстану ғылымының зерттеушісі, Қызылорда пединститутының оқытушысы.

         Монтаев Әлиакбар-Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, бірнеше орден, медальдардың игері.

         Түменбаев Қуандық-жазушы, №149 мектептің түлегі.

         Монтаев Сәрсенбек-техника ғылымының докторы

         Әлімбаев Мұхамеджан-өнер зерттеушісі.

Жансейіт ауылы

 Шиелі аудандық ет дайындау мекемесінің таратылуына байланысты 1974 жылғы маусым айында қазіргі «Жансейіт» елді мекені орнында Шиелі аудандық арнайы мамандандырылған мал бордақылау бірлестігі құрылды. Бірлестіктің диекторы болып Тоңбаулин Бәкір бекітілді. Бірлестік Алмалы ауылдық кеңесіне қарады. Тоңбаулин Бәкір 1974-1978 жылдар аралығында бірлестіктің директоры болып істеді. 1978-1986 жылдары бірлестікті Жәрімбетов Өмірхан басқарды. Партия ұйымының хатшысы Аманқұлов Әбдірайым болды. Бірлестік дирекциясы мен партия ұйымының ұйымдастыруы мен ауылда балалар бақшасы 1976 жылы ашылды.Бала бақша меңгерушісі болып Ақынова Мәрия қызмет істеді. 1977 жылы балалар бақшасының меңгерушісі болып Әбдіхалықова Бақыт сайланды. Оның орнына 1985 жылы Полатова Жұпаркүл тағайындалды. 1990-1992 жылдары балалар бақшасының меңгерушісі болып Исабекова Гүлзия жұмыс атқарды. 1996 жылы бюджеттік мекемелердің қысқаруына байланысты бала бақша тарады. 1998 жылы бұрынғы бала бақша меңгерушісі Исабекова Гүлзия балалар бақшасын реформаға байланысты жекешелендіріп алды. Балалар бақшасын ашу үшін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1976 жылы кітапхана ашылып оның меңгерушісі Қалдыбаева Рая болды. Ол кезде кітап қоры 2925 дана болды. 1979 жылдан бері кітапхана меңгерушісі Балтаева Жұмакүл. Кітапханадағы кітап қоры 10792 дананы құрайды. 1979 жылы фельдшерлік пункт ашылды. Меңгерушісі болып Әуезова Керемет қызмет істеді. 1998 жылдан бері фельдшерлік пункт меңгерушісі болып Сәмбетбаев Айтбай халыққа қызмет көрсетіп келеді. 1980 жылы клуб үйі ашылып,меңгерушілігіне М.Сарыөзенова бекітілді. 1982 жылы клуб меңгерушісі Полатова Жұпаркүл, 1985 жылдан бері клуб меңгерушісі болып Қалдыбаева Қыдыргүл қызмет атқаруда. 1985-1986 оқу жылында бастауыш мектеп ашылып, 1987-1988 оқу жылында орталау мектеп болып қайта құрылды. 1985 жылдан №133 мектептің директоры болып Ақынова Мәрия апай қызмет атқарды. 1986 жылғы қыркүйек айында арнайы мамандандырылған мал бордақылау бірлестігі таратылып, Телікөл кеңшарына қосылды. Бигадирі Ташматов Айтмағабет, цехтық партия ұйымының хатшысы болып Аманқұлов Әбдірайым бекітілді. 1987 жылғы мамыр айында «Жансейіт» елді мекені Иіркөл ауылдық кеңесінің құрамына кіріп, шаруашылық Ы.Жақаев атындағы ұжымшардың №2 Жансейіт бөлімшесі болыпкірді. Бөлімше меңгерушісі болып Халықов Әбіласан бекітілді. Партия ұйымының хатшысы Аманқұлов Әбдірайым. Ауыл шаруашылығын реформалауға байланысты 1995 жылдың қаңтар айында Жақаев ұжымшарынан «Жансейіт» ұжымшары болып бөлініп шықты. Ұжым басшысы Халықов Әбіласан болып бекілді. 1996 жылдың наурыз айында Жансейіт ұжымшары екіге бөлінді:

№1 «Жансейіт» өндірістік кооперативі: Басшысы-Халықов Әбіласан;

№2 «Мақсат» шаруа қожалығы: Төрағасы Ташматов   А.

Видео ақпараттар

Scroll to top