АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «19» наурыз ..." -- 20 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- " «Қызылорда облысы бойынша тексеру ..." -- 18 Наурыз 2019
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді -- "Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев не себепті ..." -- 13 Наурыз 2019
Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша ... -- "Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ..." -- 13 Наурыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ..." -- 11 Наурыз 2019
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты -- "Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік ..." -- 11 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 11 Наурыз 2019
Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын ... -- "Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек ..." -- 05 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   2019 жылдың ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Жыл басынан бері ..." -- 04 Наурыз 2019

Шиелі ауданы бойынша кәсіпкерлік саласының дамуы жайлы  анықтама

       2018 жылдың 12 айында  4592 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оның ішінде: Заңды тұлға-548, жеке кәсіпкерлер- 3039, шаруа қожалықтар-1010.

           Бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінің шығыс аймағынан индустриялық аймаққа 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен қамтамасыз етілді.

 Бүгінгі күні индустриялдық аймақтан жобалық құны 66 млрд.30 млн теңгені құрайтын 7 жобаға  63 га жер телімі табысталды. Бос жер көлемі 33 га. («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС,«Мия Шиелі» ЖШС,  «Тұлпар 2000» ЖШС, «Шиелі тас» ЖШС,«Шиелі Жолшы» ЖШС, «Бек-транс строй» ЖШС, «Бөпежанова» ЖК)

Индустриялдық - инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша

Индустриялды инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 3 жоба жүзеге асырылуда.  

  1. 1. «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты аудандағы Қытай халық республикасымен бірлескен және индустрияландыру картасына енгізілген ірі жобалардың бірі. Жобаға мемлекеттік қолдау шаралары ретінде индустриялды аймақтың жанынан 50 гектар жер телімі табысталды. Оның 46 гектары зауыт құрылысы үшін, қалған 4 гектары қызметкерлерге жатақхана ғимаратын салу үшін. «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің томпанажды цемент зауыты ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір аясында іске қосылды.
  2. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала-сауысқандық кенішінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасының ІІ және ІІІ кезеңдерін қаржыландыру мәселесі бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, облыс әкімдігі және британдық «Ferro-Alloy Recources Limited» компаниясы арасында құны 125 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыру бойынша үшжақты келісімге қол қойылды. Жобаның 3 кезеңінің жалпы құны – 34,9 млрд.теңге. Жобаның бірінші және екінші кезеңдерін жүзеге асыру нәтижесінде өндірістік-тәжірибелік кәсіпорын құрылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 147 адам жұмыспен қамтылған.
  3. «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасының қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем өндіру. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан Қаратау беткейінен 30 га жер телімі зауыт құрылысы үшін, ал 5000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталып, жерге орналастыру сызбасы әзірленуде.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top