«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары -- "«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Біз «БЖЗҚ ..." -- 18 Қаңтар 2019
Хабарландыру -- "Хабарландыру   «Шиелі аудандық ауыл ..." -- 18 Қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 15 Қаңтар 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары -- "Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары ..." -- 15 Қаңтар 2019
Қарағандыдадағы кісі өлімі: Қашып кеткен армян азаматы Ресейде ұсталды -- "Бүгін Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция ..." -- 09 Қаңтар 2019
Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді -- "Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы ..." -- 09 Қаңтар 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «25» желтоқсан ..." -- 26 Желтоқсан 2018
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ... -- "Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ..." -- 21 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық ..." -- 20 Желтоқсан 2018
ІІМ полицейлердің жаңа киім үлгісін көрсетті -- "Қазақстандық полицейлердің (әкімшілік-басқару ..." -- 19 Желтоқсан 2018

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды»

іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар 

Әдістемелік ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі – іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді.  

 

1. Іс-шараны ұйымдастырушы 

1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі –  Министрлік), өңірлік деңгейде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі –  Басқармалар) болып табылады.

2. Өңірлік деңгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқармалар Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады.

3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.

2. Іс-шараларды өткізу тәртібі

 

1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тамыз айына дейінгі  кезеңде Комиссия жүргізеді.

2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі – Қатысушылар).

3. Басқармалар ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық Көрмеге алып жүру үшін демеушілерді тарта алады.

4. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

5. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

6. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер енгізе алады.

7. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша 
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

8. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарламалар берілуі мүмкін.

9. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.

10. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.

11. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың      1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады.

12. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша  Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің  көрсетілген телефонына: 4-28-02 (А. Сейтжапбарова) және shielisobes@mail.ru  электрондық мекенжайларына хабарласуларыңыз қажет.  

  

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымша 

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top