Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

1.КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бекітілген кестеге сәйкес, аудан әкімі мен ауыл әкімдерінің есеп беру жиналысы КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС ауылдарынан бастау алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды мақсат етті.

Осы орайда, халық үшін сапалы қызмет жасау, халықпен кері байланыс орнатуға тапсырма беріп, сындарлы қоғамдық диалог құрудың Қазақстан үшін қаншалықты маңызы мен саяси мәнінің бар екендігі аудан әкімі Әшім Оразбекұлының халық алдындағы есеп беру жиынында көрініс тапты.

Жиналыста аудан әкімі Ә.Оразбекұлы халыққа есеп беріп қана қоймай, азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарына тиісті мамандар жаңа форматтағы АӘК , МӘМС жүйесі туралы түсіндірілді.

#АУДАНӘКІМІНІҢЕСЕБІ
#шежіреліШиелі