БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2020
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2020
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 February 2020
Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 February 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 February 2020
Мемлекеттік қызметшілер мен жұбайларының назарына! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 06 February 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2020
ХАБАРЛАМА! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 31 January 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 30 January 2020
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Көктем келіп көк пен жер жаңарып, әсем табиғаттың бусанып, жер жаһанның жайқалып, күн мен түннің теңелер шағы - Наурыз мерекесі келгенде халық күнделікті қарбалас тіршілігіннен бір сәт бас көтеріп, тағы бір жылды аман-есен артқа еңсергендеріне шүкіршілік айтады. Күллі Шығыс әлемі үшін «Жаңа жыл» саналатын Наурыз — бірлік пен берекенің, шаттықтың, қуаныштың мейрамы.

Бүгін Шиелі ауданындағы И.Құтпанұлы атындағы орталық стадионда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы!» атты мерекелік шара өтті.

Аудан жұртшылығын Ұлыстың ұлы мерекесі - Әз Наурыз тойымен құттықтауға сахна төріне көтерілген аудан әкімі Әшім Оразбекұлы: «Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Әз халқымыз Наурыз мерекесін биік көңілмен, кемел пейілмен ерекше қарсы алады. Бүкіл жаратылыс атаулы асыға күтетін осы мереке жыл сайын берекесі жарасқан Шиелі жерінің жетістікке деген үйлесімді ұмтылысын арттырып, баянды болашаққа нық сеніммен жетелейді. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, елімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз»,- деп ұлыс мерекесімен аудан халқын құттықтады.

Наурыз мейрамына орай орталық алаңға екі киіз үй, 22 шатыр тігіліп, мерекені тамашалауға келген халық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Сонымен қатар, орталық стадионда жиылған халық санында шек болмады. Жиылған жұрт қазақ халқының өткені, бүгіні, болашағы туралы театрланған көріністер тамашалап, бабалар тарихынан сыр шертетін қойылымдар арқылы бірлігі жарасқан , күш-қуаты тасыған ел ертеңіне куә болды.

Сонымен бірге, балалар алтыбақан теуіп, жастар қызбен жігіттің айтысы және арнайы тігілген киіз үйде қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі көрсетілді. Мерекелік шара ұлттық, спорттық ойындармен жалғасып, спортшылар өз өнерлерін көрсетті.

Scroll to top