АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 October 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 18 October 2019
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 October 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 October 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 27 September 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 27 September 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 24 September 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 24 September 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 24 September 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 20 September 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша     

  2019 жылдың  (шілде, тамыз, қыркүйек аралығы) атқарылған

мәдени іс-шаралардың  жазбаша мәліметі

«Білім»  орталығы ашылды.

2019 жылдағы жаңа жобаларға байланысты мәдени іс –шаралар

2019 жыл - Жастар жылына орай «Кітап оқиық» ұранымен «Кітапхана такси» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл жоба жастардың бойында шешендік өнер, кітап оқу қабілетін дамытып, тіл байлығын қалыптастыратын өзінше бір сұхбат алаңы десе болады. «Кітапхана таксиіне» мінген жастар  айтқан жерлеріне сұхбаттасып, сұрақтарға дұрыс жауап берсе, тегін жеткізіледі, сонымен қатар керемет тосынсыйды алады. Ұйымдастырылған шара аудан жастарына рухани азық сыйлады деген ойдамыз. 

Шиелі аудандық орталық кітапханада «Этностильдегі кітапхана» жобасы аясында өткізілген ұлттық танымдық байқаудың қорытындысы өтті. Сайыс соңында әділқазылар алқасы дара шыққан аруларды әртүрлі номинациялар бойынша және жүлделі орынға ие болғандарды анықтап,  сыйлықтармен марапаттады. Марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов, Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы   И.Байкенжеев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, ҚР Журналистер одағының мүшесі, белгілі сазгер Ө.Исмайлов қатысты. Мерекелік шарада күй өнерінің ақтаңгері атанып, бірнеше мәрте республикалық, халықаралық күй фестивальдарының жеңімпазы, мәдениет қызметкері Ә. Ташимов, белгілі сазгер  Ө.Исмайлов  тамаша күй тартып, әуелеген әсем әндерін  жолдады. Шараға – 40 оқырман қатысты.

Шиелі орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 32 кітапхананың қызметкерлері мен оқырмандары арасында #Абай 175 хэштегі арқылы  Абайдың шығармаларынан «Асыл сөзді іздесең» жобасымен оқу эстафетасы өткізіліп, әлеуметтік желілерде жариялануда. Шараға – 42 оқырман қатысты.

                                                 30 тамыз – Конституция күні

Тартоғай ауылдық кітапханасында «Азат елдің ар - намысы-Ата Заң» атты оқырмандар арасында библиогид өтті. Шарада қатысушы оқырмандар Конституция туралы мағлұматтар айтып, Заң туралы мәнерлеп өлең оқыды. Кітапханашы К. Садықова «Конституция- біздің асқақ абыройымыз» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шараға –                  17 оқырман қатысты.

Аудандық кітапханада 13 тамыз күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» - атты аудан жастарымен дөңгелек үстел өтті. Шарада жастардың пікірлері тыңдалды. «Жемқорлық – ғасыр дерті» деген тақырыпта бейне ролик көрсетілді. Шараға – 24 оқырман қатысты.

Ұлттық домбыра күні

Алғабас ауылдық кітапханасында 1 шілде күні «Қазағымның үні  сенсің домбыра» атты этнографиялық мерекелік кеш өтті. Кітапханашы Ж. Ақшалова домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстырды. Оқырмандар домбырамен ән айтып, домбыра туралы өз ойларын ортаға салды. Шараға – 16 оқырман қатысты.

   Төңкеріс  ауылдық кітапханасында 1 шілде күні "Қазағымның  үні  сенсің - домбыра" атты жас домбырашылар арасында мерекелік  кеш өтті. Шараға ауыл әкімшілігінің бас маманы К.Мұсаев қатысты. Қатысушылар: А.Қыпшақбаева Дәулеткерейдің  күйі «Қосалқа»,  Н.Жүсіп Қазанғаптың  күйі «Кіші қаратөс» т.б. орындап, көрермендердің  ыстық  ықыласына  бөленді. Ауыл ақсақалдары жас өнерпаздарға баталарын берді. «Қасиетіңнен  айналайын – домбыра»  атты  кітап  көрмесі  жасалынды. Шараға – 18 оқырман қатысты.

Аудандық кітапханада 23 тамыз күні  «Имандылық – инабаттылық айнасы» атты танымдық сағат өтті. Шараға Ақмая ауылының имамы Е.Пірімбет қатысты. Діннің тазалығын, ерекшеліктерін түсіндірді. Шараға қатысушылар имамға  сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. «Дін – имандылық бастауы» атты кітап көрмесі жасалды. Шараға –                       28 оқырман қатысты.

Байсын ауылдық кітапханасында 16 тамыз күні «Имандылық инабаттылық айнасы» атты дөгелек үстел өтті. Шараға ауыл имамы С.Мырзалиев қатысты. Кітапханашы                               А. Сәрсенбаева «Адамның сегіз қырының бірі-оның ақылы, имандылығы» тақырыбынды баяндама оқыды. Шараға – 18 оқырман қатысты.

Нартай ауылдық кітапханасында 16 тамыз күні Діни экстремизмге қарсы «Балалар-лаңкестік пен экстремизмге қарсы» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға ауыл ақсақалы имам Қ.Оспанов пен  кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты. «Дін дегеніміз не? Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз?» – деген  тақырыпта кітапханашы Г.Байдазымова баяндама оқыды. Шараға – 16 оқырман қатысты.

А.Бақтыгереева - 75  жас

Аудандық орталық кітапханада 22 тамыз күні «Айдында жүзген ақ желкен» - атты әдеби кеш өтті.  Шарада  оқырмандар ақынның «Сіңіліге сыр», «Туған жер», «Ақ жайығым», «Бос жусан дала», «Ардақты ананың айтқаны», «Қызғалдақ гүлің едім» т.б. өлеңдері мәнерлеп оқыды. Ақын жайлы слайд көрсетіліп, таныстырылды. «Елінің еңлік гүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға – 18 оқырман қатысты.

Аудандық орталық кітапхананың Коворкинг «Самғау» орталығында 29 тамыз күні «Жырлайды Жайығымен үндес ақын» атты поэтикалық марафон өтті. Шарада кітапханашы Б. Орынбасар  ақынның өмір жолы туралы баяндама оқыса, оқырмандар                   Ж. Төребай «Анаға сыр», Г. Молдабекова «Ауылым», Н. Амангелді «Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді» атты өрелі өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «Жыр құшағында қалықтаған – Ақұштап» атты кітап көрмесімен библиограф Н.Махмудова таныстырып өтті. Шараға – 15 оқырман қатысты.

А. Кұнанбаев - 175 жыл

Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 9 тамыз «Абайдың сырлы әлемі» - атты әдеби кеш өтті. Іс-шара лагерь директоры Ш.Байжанова мен лагерде тынығушы балалардың арасында өткізілді. Шарада ақынның өлеңдері, қара сөздері, поэмаларынан үзінді, сондай-ақ «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалды. Шараға белсене қатысқан қатысушылар марапатталды.  Кітапханашы Г. Молдабекова «Сөз асылы – Абай» - атты кітап көрмесіне шолу жасады.  Шараға – 22 оқырман қатысты.Начало формы

Балаби ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 19 қыркүйек күні                             №50 Абай мектептің оқушыларымен «Абай деген қазағымның данасы» - атты іс-шара өтті. Оқырмандар Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз еріншек», «Өлең сөздің патшасы», «Ғылым таппай мақтанба» т.б өлеңдерін  мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» әндері орындалды. Абайдың 17 қара сөзінен көрініс көрсетілді. «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты кітап көрмесімен кітапханашы А. Дүрманова таныстырды. Шараға – 20 оқырман қатысты.

 

Р/с

Мекеменің атауы

Кітапхана қызметкерлерінің аты-жөні

Орналасқан орны

Телефон, факс

Электронды поштасы

1

Аудандық орталық кітапхана

Жақыпова Гүлдана Көпболсынқызы

Шиелі кенті, Дәулеткерей 4/1

8-724-32-4-22-04

Shieli_kitap@mail.ru

2

Аудандық балалар кітапханасы

Ешмаханова Ұлторы Мәлікқызы

Шиелі кенті, Кәрімбаев н/ж

8724324-27-42

3

1 қалалық кітапхана

Сарсенбаева  Айна  Байсанқызы

Шиелі, Қазыбек би №41

872432 4-53-96

4

2 қалалық кітапхана

Үсембаева Гүлнар Нұртайқызы

Шиелі кенті, Шілманова №13

5

Көкшоқы кітапханасы

Палымбет  Ағайша  Өтеубайқызы

Шиелі кенті,НУС

6

Береке кітапханасы

Қосымова Әсия Нұрәліқызы

Шиелі кенті, Тәттімбет

4-33-45

7

Жақаев ауылдық кітапханасы

Мақашова Лиза Үбайдуллақызы

Жақаев ауылы, Жақаев 16

24-2-02

8

Байсын ауылдық кітапханасы

Сәрсенбаева Айсұлу Серікқызы

Байсын ауылы, Асанов № 1

5-00-34

9

Бекежанов ауылдық кітапханасы

Сейтжанова Сәрсенкүл Қойбағарқызы

Бекежанов ауылы,Н.Бекежанов көшесі

31-1-03

n_bekezhanov@mail.ru

10

Жиделі ауылдық кітапханасы

Ерімбетова Рсалды Сарсенбекқызы

Жиделі ауылы, М.Маметова №14

4-35-64

11

Төңкеріс ауылдық кітапханасы

Нуртаева Баян Абузаевна

Ш.Қодаманов ауылы, Сейфуллин көшесі

33-1-88

12

Еңбекшщі ауылдық кітапханасы

Әлиева Назира Жұманғалиқызы

Еңбекші ауылы. Б.Оразов №16

4-16-52

enbekshi_kitap@mail.ru

13

Алғабас ауылдық кітапханасы

Түлкібаева Махира Дүйсембайқызы

Алғабас ауылы, Ленин №38

26-2-02

14

Бестам ауылдық кітапханасы

Кенжеболат Гүлжайна Әбілдақызы

Бестам ауылы Алтынсарин көшесі

5-02-83

15

Бидайкөл ауылдық кітапханасы

Тұрсынова Рысжан Динқызы

Бидайкөл ауылы, М.Шоқай №56

36-1-07

16

Ақмая ауылдық кітапханасы

Кенебекова Майгүл Асанбекқызы

Ақмая ауылы, Абай көшесі

50-3-49

17

Ә.Тәжібаев ауылдық кітапханасы

Алданазар Қанат Серікбайұлы

Доспан-шайық көшесі

4-22-37

18

Досбол ауылдық кітапханасы

Алданазарова Гүлзат Серікбайқызы

Досбол ауылы, Абай №15

5-07-04

19

Алмалы ауылдық кітапханасы

Абдукаримова Сания Тұрмаханқызы

Алмалы ауылы, Амангельді №20

4-22-01

20

21 Бекет ауылдық кітапханасы

Молдахметова Гүлжахан Әлшерханқызы

21 бекет

21

Балаби ауылдық кітапханасы

Абиев Таңат Әбдіманапұлы

Бала би № 10

32-2-32

22

Жансейіт ауылдық кітапханасы

Абдуллаева Гулнара Тасқынбекқызы

Жансейіт ауылы, Иманжүсіп тұйығы №7

5-06-07

23

Бәйгеқұм ауылдық кітапханасы

Шалғынбаева  Гүлзира Серікбайқызы

Бәйгеқұм ауылы Абай көшесі

21-1-42

24

Жөлек ауылдық кітапханасы

Алтынбаева Қалдан Құдабайқызы

Жөлек ауылы

Қожақов көшесі №39 

22-2-21

25

Ортақшыл ауылдық кітапханасы

Рашева Жанат Күлмәмбетқызы

Ортақшыл ауылы, Абай көшесі

5-01-00

26

Қарғалы ауылдық кітапханасы

Пірімбетова Раушан Сайлауқызы

Қарғалы ауылы, Мәдениет көшесі

52-8-25

27

Тартоғай ауылдық кітапханасы

Садықова Күлайхан Жарылқасынқызы

Тартоғай ауылы,

Ш.Есенов көшесі

28-1-28

28

Сұлутөбе ауылдық кітапханасы

Кунторова Гүлнұр Әлібекқызы

Сұлутөбе ауылы, Ғ.Мұратбаев көшесі

29-1-70

sulutobe_kitap@mail.ru

29

1 Май ауылдық кітапханасы

Сейдахметова Айсұлу Сыздыққызы

1 Май ауылы,1-ші көше №1

51-3-39

30

Ботабай ауылдық кітапханасы

Мамышев Зейнулла Нысанұлы

Ботабай ауылы,

5-ші көше № 14

8724-39-28-8-90

31

Майлытоғай ауылдық кітапханасы

Жұмаділова Ағайша Тұрсынбайқызы

Майлытоғай ауылы

5-10-17

32

Бірлестік ауылдық кітапханасы

Әбілова Гүлмира Сейтқазықызы

Бірлестік ауылы, 4-ші көше №1

51-3-38

Видео ақпараттар

Scroll to top