Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 February 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 February 2020
Мемлекеттік қызметшілер мен жұбайларының назарына! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 06 February 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 05 February 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 04 February 2020
ХАБАРЛАМА! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 31 January 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 30 January 2020
АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 29 January 2020
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 29 January 2020
БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 27 January 2020
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

ШИЕЛІ АУДАНЫ

Шиелі ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3426915 га.

Шиелі ауданы-ежелгі  Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа  белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан  бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі  болған атақты «Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке –Қызылқұм.

ХХ ғасыр әлемдік дамуда небір  ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының  куәсі болды.

ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге  халық санасының  оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы  поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы  нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты  Сыр жігерлерін (сексеуіл)  жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек  өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының  бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.

1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс  тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде  де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.

Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен  елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы
14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті  шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 41  Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 
1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған  жас Жақаевшылар  қозғалысына  ұласты.

Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді.  2000  жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі  Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев,  Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы  тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.

         Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады.

         Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 79477 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 31539 адам, ауылдық елді – мекендерде 46661 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін
96 пайызы қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,1 пайызын кәріс ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа  ұлт өкілдері құрайды.

         Аудан бойынша 47 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан.

         Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, «Салтанат сарайы»,
6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар,
2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар,
2 музей мәдени қызмет етуде.

         Ауданда 41 мектеп (оның 33 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 21 типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 29 мектепке дейінгі мекеме (16-мемлекеттік комуналды қазыналық кәсіпорын, 1-мемлекеттік мекеме, 1-Қазатомөнеркәсіп-Демеуге қарасты ведмоствалық, 12-жеке), 3 мектептен тыс мекеме (Кешкі мектеп, әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.   

         Ауданда 2 саяси партия өкілдіктері, 13 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары,12 қоғамдық бірлестіктері, 26 мешіт  және  1 дәстүрлі емес діни бірлестіктер бар.

         Тұңғиық тарихында жеті әулие мәңгілік мекен тапқан киелі Шиелі жерінде әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерімен қатар өзінің ел қадірлеген азаматтарын, өрісті өткенін жас ұрпақ жадына сіңіру жолында мәдени шаралар өткізіліп, келелі істер жүзеге асып келеді.

Атап айтсақ 2009 жылдың 16-17 қазанында Шиелі ауданының
80 жылдық, ақын-драматург Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдық және ақын Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Мерей тойдан шашу ретінде 4 жеңіл автокөлік мәдени - спорттық бәйге жеңімпаздарына табыс етілді.

2010 жыл 9-10 қазан күндері Шиелі жерінде аса көрнекті саяси ірі тұлға, түркі халықтарының көсемі жерлесіміз М.Шоқайдың және Қазақстанның халық ақыны, әнші, композитор, Н.Бекежановтың
120 жылдығына, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері М.Қаратаевтың 100 жылдығына, Социалистік Еңбек Ері Ш.Қазанбаеваның
90 жасқа толуына орай «Ардақтаған азаматын, Шиелі, неткен ғажап атың!» атты мерейтой өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Социалистік Еңбек Ері Ш.Қазанбаеваға
 90 жас мерейтойына орай жеңіл автокөлік сыйға тапсырылды.

2011 жылы 4-5 қараша күндері «Алтын күз – 2011» мерекесі мен Даңғайыр диқан, дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 120 жылдығына орай «Жамағат жадындағы Жақаев» атты мерейтой өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2012 жылы «Алтын күз-2012» мерекесі аясында «Сыр сүлейі - Бұдабай» атты Бұдабай Қабылұлының 170 жылдығы мерейтойы өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2012 жыл 30 қараша күні Тұңғыш президент күні аясында «Ел іргесі қашанда Елбасымен еңселі» атты салтанатты жиын, «Жырласа жастар Шиеліде, Тәуелсіздікті жырласын!» атты аймақтық ақындар айтысы өткізілді.

         2013 жылы  12-13 қазан күндері «Алтын күз - 2013» мерекесі мен ақын, сазгер, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық мерей тойы өткізілді. Мерейтой барысында республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның жұлдызды әншілерінен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

         2014 жылы «Алтын күз - 2014» мерекесі кең көлемде тойланды.

         2015 жылы «Алтын күз - 2015» шарасы өткізілді.

2016 жылы қазанда «Алтын дән-2016» шарасы аясында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы тойланды. Салтанатты шарада Ыбырай Жақаев атындағы ауылда күріш өсіру тарихы мұражайы ашылды. Мұнымен қоса, Ыбырай Жақаевтың мерейтойының құрметіне республикалық ақындар айтысы, қазақ күресінен турнир және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. 

2017 жылы Шиелі ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ғалым Шахмардан Есеновтің 90 жылдық мерейтойы  кең  көлемде  аталып  өтті. Іс-шаралар легі №153 Шахмардан Есенов атындағы мектептің алдына орнатылған ғалымның ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Сондай-ақ, аталмыш мектеп-лицейі ішінен геолог Ш.Есено­в мұражайының лентасы қиылса, Академиктің 90 жылдығы қарсаңында Тартоғай ауылынан жаңа заманға сай мәдениет үйінің іргетасы қаланды. «Тұлғасы биік Шахмардан» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

2017 жылдың сәуір айында «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атауымен қазақ сатирасына елеулі үлес қосқан Мейірман Нұрекеевті еске алуға арналған әзіл-сықақ отауларының аймақтық байқауы өтті. Тоғыз команда бақ сынаған өнер додасында түрлі-түрлі тақырыптар қаузалып, қоғамның өзекті мәселелері әзілмен әрленді. 

2017 жылғы мамыр айында ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен аудан жастарымен жүздесті. Атақты спортшы халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Және отбасы құндылықтары, бірлік, ынтымақ тақырыбында ой бөлісті. Кіші буын өкілдерін жігерлендіретін тағылымы мол әңгімелер айтты.

2017 жылы желтоқсан айында аудандағы индустриялық аймақ "Шиелі Жолшы" ЖШС-нің жаңа асфальт-бетон зауыты ашылды. Жалпы құны
75 млн. теңгені құрайтын зауыт жылына 60 мың тонна ыстық асфальт және 70 мың тонна салқын асфальт шығарады.

2017 жылдың желтоқсан айында аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ақын Бұдабай Қабылұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ел бірлігін сақтаған Бұдабай ақын» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасы өтті. 

2017 жылы киелі Шиелі жерінде «Туған жерге тағзым – перзенттік парызым» атты акциясы өткізілді. Аталған акцияға физика-математика ғылымдарының докторы, академик Асқар Жұмаділдаев, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын, жазушы Қаршыға Құрмашқызы Есімсейітова, белгілі кәсіпкер Бегман Қауасұлы, айтыскер ақын Мейірбек Бектұрсынұлы Сұлтанхан қатысты.

2018 жылы«Алтын күз – 2018» мерекесі тойланды. Мереке аясында «Асылдар туған, шежіре тұнған - Шиелі» атты ақындар айтысы өткізілді. Ақындар айтысына Күзенбайұлы Иран Ғайып, Сұлтанхан Мейірбек, Күзенбайұлы Талғат, Жүсіп Кенжебай, Таспанбетова Інжу, Садықұлы Еркін, Ержан Әмір, Ибрагимов Мейірбек, Бекжан Ержігіт, Шыңғыс Құдайберген сынды белгілі ақындар айтысты. Айтыс – Елорда – Астана қаласының
20 жылдығы, Алаштың анасына баланған Сыр елінің астанасы Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойына арналды. 

         2018 жылы аудан әкімінің қолдауымен, «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданында алғашқы рет «Ұлт руханияты: Отбасы. Өнеге.Құндылық» атты әйелдер форумы өткізілді.

         2018 жылы Шиелі ауданының 90 жылдығы және «Алтын күз - 2018» мерекесі аясында аудандағы кәсіптік білімнің қарашаңырағы атанған Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінің 60 жылдық мерейлі мерекесі аталып өтілді.

2018жылы қазан айында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Алтын дән-2018» мерекесіне арналған салтанатты жиында Шиелі ауданы облыс көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінен жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді. Биылғы жылы Шиелі ауданы 40 мың 613 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі өндірілді.

         2018 жылғы қазан айында Шиелі ауданында ауыл спортшыларының дәстүрлі «Алтын күз -2018» XXХІІІ облыстық спартакиадасы аудандық И.Құтпанұлы атындағы орталық стадионда өтті. Спартакиада спорттың
16 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, қол добы, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өткізілді.

2018 жылдың қараша айында Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округінде заманауи үлгідегі «Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейні пайдалануға берілді.

         2018 жылы желтоқсан айында «ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ТОМПАНАЖДЫ ЗАУЫТЫ іске қосылды. «Гежуба Шиелі Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 64 млрд. теңге. Аталған зауыт толықтай іске қосылғанда жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығаратын болады. Зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады.

         2019 жылғы сәуір айында аудан орталығындағы М.Шоқай алаңында орналасқан «Даңқты азаматар» аллеясын қайтта абаттандыру аясында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» аллеясы бой көтерді.

         2019 жылғы сәуір айында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен Шиелі ауданының орталығының төрінен көк байрағымызды биікке көтеріп, «Мемлекеттік Рәміздер алаңы» ашылды. Мемлекеттік Рәміздер алаңының жалпы аумағы – 0,12 га аумаққа орналастырылған. Көк байрағымыз
23 метрлік тұғырға орналасқан.

         2019 жылы Шиелі ауданында ақ күріштің атасы атанған, даңқты диқан бабамыз Ыбырай Жақаев атындағы ауыр атлетикадан ұлдар және қыздар арасындағы республикалық турнир өтті. Ел сенімін арқалай келген, Қырғызстан Республикасынан және еліміздің 9 облысынан 100-ге жуық жас зіл теміршілері бағын сынайтын, бел мен білектің, ерлік пен ептіліктің, намыс пен жігердің сынға түсетін ұландар қатысты.

         2019 жылы 13-14 қазан күндері «Алтын күз - 2019» мерекесі аясында ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығы мен аймақтық «Өскен өңір» газетінің 80 жылдығына орай мерекелері ұйымдастырылды. Мереке аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, облыстық жыр мүшайрасы, ақындар айтысы, аударыспақ, ғылыми-танымдық конференция, аудан өнерпаздарының гала концерті өтті.

         2019 жылғы 13 тамызда Шиелі ауданында "ЭТНОАУЫЛ-2019" мәдени ұлттық шарасының «Ауылым - алтын қазынам» тұңғыш рет ұйымдастырылды. Шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үндейді. Шиелі кентіндегі Ы.Жақаев атындағы саябағына барып, ұлттық рух сыйлап, ата салтымызды ардақ тұтуға ықпал етеді.

         2019 жылғы тамыз айында аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қатысуымен "SHIELI ZHASTAR CAMP-2019" аудан жастарының 5 күндік лагерьі ұйымдастырылды.

2019 жылғы 29 қарашада Жастар жылы аясында Шиелі ауданы әкімінің "СЕРПІН" жастар сыйлығы тағайындалды! «Жастар жылы» аясында түрлі салада еңбек етіп жүрген, сала үздіктерін анықтау. Үміткер ретінде 29 жасқа дейінгі жоғары кәсіби жетістіктері бар Шиелі ауданының 10 жасына табысталды.

2019 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Шиелі ауданында Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен 150 орындық аурухана салтанатты түрде ашылды.

Құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталған аудандық аурухананың жобалық құны 5 млрд 5 млн теңгені құрайды. Жаңа медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілетін болады.

         2019 жылы Шиелі ауданында баламалы негіздегі сағатына 50 мВт дейін күн энергиясынан қуат алатын «Байқоңыр Солар» электр станциясы іске қосылды. Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Шиелі ауданындағы аталмыш жобаның құны 23 млрд.теңге. Нысанның жалпы ауданы – 150 гектар. Күн электр станциясының ашылу рәсіміне арнайы облыс әкімі Қ.Ысқақов қатысты. Бүгінгі жаңа жобаның іске асуы арқасында 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

         2019 жылы Қызылорда облысындағы "ШИЕЛІ ЖАСТАРЫНЫҢ КҮНІ" облыстық шарасы өткізілді. Шара барысында "Білім бәсекесі: әлемдік тенденция" тақырыбында "Ашық алаң" форматындағы ток-шоу, сәнгер, тігінші Мұсаева Тоғжанның коллекциясынан көрсетілім, "Неге маған жырламасқа Сырда туған елімді?!" атты жас ақындар айтысы ұйымдастырылып, "Маржаны Сырдың Шиелі..." тақырыбындағы аудан жастарының гала-концерті ұйымдастырылды.

         2019 жылғы қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері - АСЫЛЫ ӘЛИҚЫЗЫ ОСМАН қонақ болып, аудан халқымен кездесті. Тіл жанашыры ұлттық ерекшеліктерімізді дәріптеу туралы ойларымен бөлісті.

2019 жылы айтыскер ақын, жерлесіміз Мейірбек Сұлтанхан «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды.

Аудан басшылары

1928 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шушанян Говор Агенесович

1929 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы – Федосов

1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Коморов Ефим

1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Кенжеғараев Әбен

1941-1945 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Жүгрәлин Ғиззат

1945-1948 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Иманқұлов Иса

1948-1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Қаракөзов Көмекбай

1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Нұржанов Алпысбай

1952-1954 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әлжанов Әмзе

1954-1957 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Оспанов Сейдолла

1957-1962 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбдікәрімов Исатай

1962-1964 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Сопбеков Байбол

1964-1970 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Мұхамеджанов Ғафур

1970-1983 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Бәйімбетов Орынбасар

1983-1987 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шаухаманов Сейілбек

1987-1989 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбенов Абдолла

1989-1992 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Ахметжанов Машарап

1992-1994 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ердешбаев Жолдасбек

1994-1995 жылы Шиелі ауданының әкімі - Әбибуллаев Ибрагим

1995-2000 жылы Шиелі ауданының әкімі - Тұрабаев Жарылқасын

2000-2001 жылы Шиелі ауданының әкімі - Жүсіп Серік

2001-2008 жылы Шиелі ауданының әкімі - Мұстафаев Ерлан Төлегенұлы

2008-2013 жылы Шиелі ауданының әкімі - Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы

2013-2014 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы

2014-2017 жылдары Шиелі ауданының әкімі - Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы

2017 жылдың 30 қараша айынан бастап Шиелі ауданының әкімі - Әшім Оразбекұлы 

Кірушілер есебі

Бүгін83
Кеше426
Осы аптада509
Осы айда6807
Барлығы230781

Видео ақпараттар

Scroll to top