Шиелі индустриалды–аграрлық колледжінде өткізілген «Денсаулық ... -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 September 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 September 2019
5 сұрақ айдары -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 10 September 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 29 August 2019
ОТБАСЫ: ӘЙЕЛ-АНА - НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 26 August 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 3 МЛН.ТЕНГЕ МЕН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛА АЛАДЫ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 26 August 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 23 August 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 23 August 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 23 August 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "×Страница еще не переведена. Приносим свои ..." -- 13 August 2019
Страница еще не переведена. Приносим свои извинения за доставленные неудобства...

«Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың ІІ тоқсанына атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

«Шиелі аудандық білім бөлімі» КММ-і 2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша ауданымызда Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында  «2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген  ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады» деген тапсырмасы негізінде педагогтар арнайы ұлттық тестілеуден өткізілді.  

Нәтижесінде,  мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда30 проценттен 50 процентке дейін өседі» делінген.            «Мектепке дейінгі,  бастауыш, негізгі орта,жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық жәнекәсіптік,  орта  білімнен кейінгі білімнің білім  беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс  істейтін педагог     қызметкерлер    мен   оларға теңестірілген   тұлғаларды   және   білім және   ғылым   саласындағы  басқа  да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістеренгізу туралы 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес мұғалімдерді жаңа жүйеде аттестаттау бойынша 2019 жылдың 2-4 маусым күндері аралығында Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш берген 915 педагогтың  896-сі ұлттық біліктілік тестілеуден өтті. Оның ішінде педагог-модератор біліктілік санатына 174 мұғалім өтініш беріп, оның 130-і, педагог-сарапшы біліктілік санатына 396 мұғалім өтініш беріп, оның 266-і, педагог-зерттеуші біліктілік санатына 326 мұғалім өтініш беріп оның 220-і тестілеуден оң нәтиже көрсетті. Педагог-шебер санатына өтініш берілген жоқ. Жалпы тестілеу барысында     616 мұғалім шекті деңгейден өтсе, 280 мұғалім шекті деңгейді жинай алмады.

Сараптау комиссиясының оң қорытындысын алған алған педагогтар 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбекақыларына   үстеме ақы алатын болады.

            2019 жылғы қорытынды мемлекеттік аттестаттау және ҰБТ қорытындысы. Биылғы жылы мектеп бітіруші  592  түлек  қорытынды аттестаттаудан өтіп, 40 түлек Ерекше үлгідегі «Алтын белгі», 28 оқушы «Үздік аттестат» иеленді. №72 ҰБТӨП-і ереже талаптарына сәйкес материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталды. Жалпы орта білім беру курсын аяқтаған 592  бітірушінің 448-і (75,6%) ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп,                  23 маусым күні ҰБТ-ға  441  (74,5 пайызы) түлек қатысты. Орта балл -                 72 көрсетті. Ең жоғары балл көлемі - 116 балл көлемінде қалыптасты. Бұл көрсеткішке  үш оқушы ие болды.

         Өткен оқу жылында аудан бойынша 1-10 сынып аралығында жазғы демалыспен 15 626 бала қамтылып, қамтылу көрсеткіші 86,7%-ды құрады. Үстіміздегі жылы 1-10 сынып аралығында 16 557 бала оқиды, жазғы демалыспен және саяхатпен олардың 97%-ы қамтылады деп жоспарлануда. Жаз мезгілінде ата-аналар есебінен 403 бала, мекемелер демеушілігімен, салалық кәсіподақтар тарапынан 250 бала  демалады деп жоспарланса, мектеп жанынан тамақсыз ұйымдастырылатын 38 лагерьге 3788 бала, спорттық сауықтыру шараларына 100 бала, дебаттық лагерьге 80 бала, еңбек тынығу лагеріне 1309 бала, жалпы 5930 бала қамтылу жоспарланған.

            Сондай-ақ 2019 жылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында экскурсиялар және топтық жұмыстар бойынша-260, көркейту, көгалдандыру топтарында–2 700, құрылыс және жөндеу топтарында–2 810, мектеп жанындағы аулалық клубтарда–800, барлығы 5770 бала тартылды.   Міндетті оқу қоры есебінен шілде-тамыз айларында 60 бала Астана қаласына саяхатқа баратын болса, оған жергілікті бюджеттен 2 700,0 мың теңге, Арал қаласындағы «Қамбаш» лагеріне 100 балға 4 500,0 мың теңге, Жаңақорған ауданындағы қосымша білім беру орталығына 200 балаға 5 060,0 мың теңге қаралған. Аудандық «Сыр ұланы» сауықтыру лагерінде демалатын 700 бала 10 күннен 7 кезеңде демалады деп күтілуде, оған 12 205,0 мың теңге қаралған. 33 мектеп жанынан бір мезгіл ыстық тамақпен 10 күннен ұйымдастырылатын лагерлерде 2150 балаға 7 525,0 мың теңге қаралып, балалар сауығып демалды.

Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы  Қазақстан халқына  Жолдауында  барлық өңірлердегі  Оқушылар сарайларының базасында  балалар технопартерінің желісін құру, цифрлық зертханалар және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керектігін тапсырған болатын.

Осы орайда,  Шиелі аудандық Оқушылар үйіне 11,6 млн.тенге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда ашылған «IT IMAQ SHIELI» балалар технопарктерінің қалыптастырудың бастамасы ретінде  «3D-модельдеу»,  «Робототехника»   және цифрлық зертхана кабинеттері  жұмыс жасауда. Жазғы каникул кезінде аудандық Оқушылар үйінде «3D-модельдеу»,  «Робототехника»   және цифрлық зертханада арнайы «Жайдарлы жаз-2019» атты бағдарлама бойынша үйірмелер жұмыс жасаса, оған 611 бала қамтылды. Сондай-ақ «Жайдарлы жаз» атты бағдарлама бойынша аудандық Оқушылар үйі мектеп жанындағы және аудандық «Сыр ұланы» лагерлерінде «Көркемсурет», «Киімді моделдеу және дизайн», «English for Jastar», «Ойындар үйірмесі», «Үстел Теннисі», «Қолөнер», «Қазақ тілі мен әдебиеті» үйірмелері бойынша 2150 баланы қамтыды.

Аудандық «Сыр ұланы» тынығу лагерінің сапалы жұмыс жасауын (ауыз су, лас су жүйелері, асхана, технологиялық-тоңазытқыш жабдықтардың жұмыс жасауын) қадағаланса, лагерь ауласындағы кәріз жүйелері, балалар жуынатын себелегіштер (душ) ретке келтірілген. Лагерь ғимаратында 4 топқа жабдықталған 8 жатын бөлме, 50 орындық асхана, санитарлық-гигиеналық бөлмелер мен медициналық кабинет толық жұмыс қалпында. Жатын бөлме және асханаға 6 салқындатқыш, жатын бөлмелеріне салқындатқыш орнатылған. Ғимараттың бірінші қабатында орналасқан асхана 3 электр пеші, 2 ыдыс жуатын машина, тамақ әзірлейтін үстелдер, асхана шкафтары, тоңазытқыштармен жабдықталған. Азық-түлікті сақтайтын үш бөлме қарастырылған. Лагерь балаларына тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша аудандық білім бөлімі, Шиелі ауданаралық ауруханасы және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ведомстрвоаралық комиссия құрылған. Сондай-ақ Шиелі ауданаралық ауруханасынан дәрігер және тіс дәрігері бөлінген. ]

Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз IT-сыныптар» бастамашыл жобасымен 2018 жылы аудан бойынша 2 білім беру ұйымында (№47 мектеп-лицей, Оқушылар үйі), 2019 жылы 2 білім беру ұйымында (№127 мектеп-лицей, №252 мектеп-гимназиялар) аталған IT-сыныптар ашылды. Жоба аясында 8-16 жас аралығындағы оқушыларға бағдарламалау негіздері,  инженерлік жобалау, 3D-модельдеу мен робототехника бағытында тереңдетіліп оқытылады. Робототехника бағытында 462 оқушы қамтылған.  Жалпы 4 білім беру ұйымдарына «STEM-платформасы» (он-лайн оқыту платформасы) облыстық бюджет есебінен әрбір білім беру ұйымына 900 000 теңгеден қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 4 білім беру ұйымдарының ұстаздары үстіміздегі жылдың 22 сәуір – 4 мамыр күндері аралығында Қызылорда облыстық оқу орталығының базасында ұйымдарына «STEM-платформасы» мекемесінің мамандары IT-сыныптар мұғалімдеріне арналған  STEM технологиясы бойынша семинар-тренингтен өтті.

Робототехника мектепте – балаларды қазіргі  заманда, жоғары технологияларға толы өмірге дайындау тәсілі. Сонымен қатар, бұл қазіргі заманның қажеттілігі, өйткені жылдан жылға жаңа жоғары технологиялар артып келеді. Робототехниканы білу – заман талабы, балаларға шексіз мүмкіндіктер береді және технологиялардың әрі қарай дамуына жол береді. Қызылорда қаласында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы IT-PARK-те «Ата-ана, мен және робот» атты облыстық отбасылық-танымдық чемпионатына №127 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Өркен Нұрай Жалынқызы мен ата-анасы Калдыбекова Куралайларды қатысып, жүлделі орынмен марапатталды.

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарында 190 дана интерактивті тақта, 22 робототехника кабинеті, Цифрлық білім беру зертханасы, 2 дана 3Д-модельдеу кабинеті, 1155 дана компьютер, 38 дана жаңа модификацияланған биология, химия, физика кабинеттері, 413 дана планшет, 25 дана "BILIMBOOK", 309 дана роутерлер алынды. Білім беру ұйымдарын цифрландыру мақсатында GPS-мониторинг пилоттық жобасына  №252 мектеп-гимназиясының 289 оқушысы қосылып, ата-аналарға жоба ережесі таныстырылып, әр оқушыға промокод берілген.

            «Электронды күнделік» жүйесіне толық қосылған. Қызметкерлер, оқушылар, ата-аналардың мәліметтері толық енгізілген. Аудандық білім бөлімі тарапынан «Электронды күнделік» жүйесінің толтырылуы бойынша күнделікті және апта сайын мониторинг жасап, білім беру ұйымдарына күндік, апталық, айлық статистикалар дер кезінде жолданып, күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

            «Электронды күнделік» жүйесі бойынша 19.05.2019-25.05.2019 мамыр  аралығында соңғы статистикада республика бойынша 17 облыстың ішінен 9 орында Қызылорда облысы – 90,81%. Аудандар статистикасында 100 пайызды көрсетіп отырмыз. Аудандар бойынша электронды журналды қолдану -100,0%, сабақ кестесі толықтығының дәрежесі-100%, мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі-100%, мұғалімдердің журналды жүргізуі-100%. 

            Аудандық білім бөлімі тарапынан «BilimLand.kz» цифрлық білім беру ресурсының қолдануы бойынша күнделікті және апталық, айлық статистикалар дер кезінде жолданып, әдістемелік көмектер және оқыту семинарлары жүргізіледі.  Қазіргі таңда 01.04.2019-25.05.2019 аралығында білім беру порталын қолдану статистикасы аудандар рейтингісі бойынша 1-ші орында (білім беру контентін аудан бойынша 40 білім беру ұйымдарына қолданушылар саны – 1887 аккаунттар берілді және барлығы 100 пайыз белсендірілген, BilimLand –37627, Twig – 9235, iTest –25822, iMektep – 8904, барлығы 81588 рет сабақтарында тиімді қолданады). Мұғалімдер өздеріне берілген аккаунттары бойынша күнделікті, ашық сабақтарда және семинар, шеберлік сыныптарда қолдануды дағдыға айналдырған, нәтижесі жоғары деңгейде.

2019 жылы Қызылорда қаласында өткізілген 11-17 жас аралығындағы оқушыларға арналған техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысының ІІ кезеңінен «Кеме моделі» бойынша №156 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ерахан Дамир, «Әуе моделі» бойынша №156 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Төлегенов Марғұлан, «Зымыран моделі» бойынша №49 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Әбдірәсіл Дінмұхамедтер жүлделі І орындарды, бағалы сыйлық планшеттер берілді және республикалық кезеңіне Тараз қаласына жолдама алды.

Робототехника бағытында №46, №47, 252, №153 мектептің оқушылары аудан, облыс, республика бойынша жарыстардан 1,2 орындарды иеленіп отыр. Атап айтқанда Алматы қаласы Әкімінің кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионатының «Роботтар сайысы» конурсының «Кегельринг» бағытында І дәрежелі Дипломмен №252 мектеп-гимназия оқушылары Серікбай Диас, Төлеуова Шұғыла, Қуандықов Бибарыс, Амангельдиева Әсем, Елтай Олжас, №153 мектеп-лицейінің оқушылары Мұхтарұлы Ернар мен Мәулен Әлібидің жобалары жоғары деңгейде бағаланды.

2019 жылы Қызылорда қаласында өткізілген оқушылар арасында робототехника бағыты бойынша   Robo Fest - Orda» облыстық фестивалінде «Робо Арқан тартыс» бағыты бойынша №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Бағдат Рамазан, Балтабаев Айболат жүлделі ІІ орын, «Робо қыз куу» бағыты бойынша №46 А.С.Пушикн атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оуқшылары Жапбасбаев Шалқар, Талғатұлы Ибрагим, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Ержігітов Бекзат, Елубай Ерасылдар жүлделі ІІІ орындарды, бағалы сыйлық планшеттер мен электронды оқулықтар берілді. 

Видео ақпараттар

Scroll to top