БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019

Шиелі ауданы бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы жөнінде

АНЫҚТАМА

 

Егін шаруашылығы.

Аудан­дағы шаруашылық құрылымдары 29 595 гектар жерге егін салып, былтырғы жылмен салыстырғанда 2400 гектарға өсім алып отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 13 882 га, майлы дақылдар 1 896 га, мал азықтық дақылдар 9 213 га, картоп, көкөніс, бақша 4664 га. Негізгі дақыл күріштің көлемі - 12475 га. 1332 га жерге егілген күздік бидай дақылы бүгінгі күнге толығымен жиналып, 2664 тонна өнім алынып, орта өнім гектарына 20 цн. - ден келді.

Нәтижесінде аудан бойынша тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие «Ақмая» шаруа қожалығы биылғы жылы 332 гектар жерге бидайдың супер элиталық «Стекловидный» сортын орналастырып, егістің әр гектарынан 30 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.

«Төңкеріс-К» шаруа қожалығы 200 гектар жерге мақсарының супер элиталық «Мөлдір-2008» сортын орналастырып, әр гектарынан 15 центнерден өнім жинады.

Бестам ауылдық округіне қарасты «Алтын дән» шаруа қожалығы мен Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш өсіру ғылыми зерттеу институты» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен біріге отырып, картоптың гибридтік «Ақсор», «Жанайсан», «Үшқоңыр» сорттары және мал азықтық асқабақ дақылының гибридтік «Афродита», «Карина», «Мозолеевская-10» сорттары егіліп, күтіп бапталды. Ауданда бүгінде тамшылатып суару әдісімен 50 гектар алма бағы өсірілуде (Ақтоған а/о-15 гектар, Тартоғай а/о-10 гектар, Гигант а/о-10 гектар), оның 15 гектары биылғы жылы егілді (Талапан а/о-10 га, Сұлутөбе а/о-5 га). Суды үнемдеп пайдалану бойынша Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Байсын» шаруа қожалығы ашық топырақта тамшылатып суару әдісімен 13 гектар жерге көкөніс дақылдарын ексе, бұдан бөлек Ақмая, Алмалы, Ақтоған, Талаптан ауылдық округтерінде су үнемдеу мақсатында плёнка қолдану әдісімен 155 гектар жерге көкөніс дақылдарын орналастырып, жоғарғы өнімдерге қол жеткізуде.

Жобалық кеңсе аясында Шиелі кентінің шығыс аймағынан жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бүгінгі күні 2 гектар жерге 8 жылыжай салынып, алғашқы өнімдері жиналуда. 1093 га жерге көкөніс дақылдары орналастырылып, 3984 тонна көкөніс өндірілді.

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында «Ақмая» шаруа қожалығында 800 гектар жерге ақылды ферма жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экспорттың әлеуеті артып келеді. Тек биылғы жылы ғана 1600 тонна көкөніс, бақша өнімдері Ресей, Өзбекстан Республикаларына экспортталды.

2017-2019 жылдары аудан бойынша ауылшаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1 млрд. 50 млн. теңгені құрады.

Техника бойыншаКүзгі егін жинау науқанына 116 комбайн, 63 жатка, 51 жүк көлігі322 дана трактортолықтай қатысуда.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген 2620 тн дизель отынын РК –Мұнай ЖШС оператор болып белгіленіп, Qoldau.kz  электронды порталы арқылы шаруашылықтар өтінімдерін жіберуде. Дизель отынының литрі-178 тг.

Ауыл шаруашылығы саласындағы салынып жатқан инвестициялар. Шиелі ауданы бойынша он жеті ауыл шаруашылығы құрылымдары  2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында лизинге және өз қаржысына  552 176 820 тг  жаңа үлгідегі ауылшаруашылығы техникаларын алып, техника парктерін жаңалауда. Жыл соңына дейін 3 (үш) шаруа қожалығы 250 млн тг  ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал жабдықтарын әкелу жоспарлануда.

Мал шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2019  жылға арналған негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданда 2019 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 6690,0 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7%-ға артты.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйекке барлық төрт түлік мал саны: ірі қара  - 59658 (106,4%-ға өсті), қой мен ешкі –93621 (108,4%-ға өсті), түйе –1504 (102,4%-ға өсті), жылқы – 15939 (113,5%-ға өсті), құс – 27890 басты құрады.

Төрт түлік мал басының артуына байланысты өндірілген өнімдерде өсім тиісінше, алынған өнім  (тірілей салмақта)  3191,9 тонна ет(ет өндіру-103,3%-ға артты), 12245,8 тонна сүт(сүт өндіру-101,8%-ға артты),
1839,4 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Сонымен қатар, «Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының» индикаторлық көрсеткіштері бойынша:

Тұқымдық түрлендіру

МІҚ малының 2019 жылы аналығының басын 28 600 бастан 29652  басқа көбейту және олардың тұқымдық түрлендіруге қатысу жоспары-10497 бас.Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері асыл тұқымды бұқа сатып алу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күнге жоспарланған 10497 бас МІҚ аналықтың 9217 басы тұқымдық түрлендіруге қатысты.Тұқымдық түрлендіру жұмыстары жалғасуда.

         «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы

2019 жылға ауданға «Сыбаға» бағдарламасы аясында 325 бас асыл тұқымды шет елден МІҚ аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Қазіргі таңда Ақмая ауылдық округіне қарасты «Әсет» шаруа қожалығыРесей Федерациясынан «Сыбаға» бағдарламасымен жоспарланған 104 бас қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малын және қосымша өз қаржысынан 16 бас, барлығы 120 бас«Қалмақ» тұқымды МІҚмалын әкелінді.

Бағдарламаның қой малын сатып алу бағыты бойынша ауданға 7800 бас қой сатып алу жоспары бекітілген.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына қой сатып алуға 7104 басқа өтініш беріліп құжаттары қаралуда, осыдан бүгінгі күнге 3059 бас қой сатып алуға қаржыландырылып 7 шаруашылық құрылымдары қой сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

         Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу

Ағымдағы жылы ауданға 1000 бастан жоғары бордақылау алаңына 2565 бас бұқашықтарды өткізу бойынша жоспар бекітілген. Жыл басынан бері бордақылау алаңына 1556 бас бұқашықтар өткізілді

Мал азығын дайындау

Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылын оруға кірісіп кетті. Бүгінгі күні  күтімге алынған 5448 га ескі жоңышқаның 400 га тұқымға қалдырылып, орылуға тиісті 5048 га жоңышқаға орақ түсіп, 9540 тонна жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім гектарына 18,9цн алынуда. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

         Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытының жоспарына енгізілген мал шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жобалардың орындалуы

1)2019 жылы іске асырылатын жобаның бірі «Сыр агро и К» ЖШС-нің 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу. Жобалық құны 2,5млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 5,3 мың. тонна сүт өндіру. Жоба іске асырылғанда 30 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

2018 жылдың шілде айында  сиыр қораның құрылысына 20 га жер учаскесі беріліп, сиыр қораның құрылысы, қораны қоршау жұмыстары жүргізілді. Жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік экспертизадан өтті. Сонымен қатар, мал жайылымы үшін 347 гектар жер рәсімделіп, қазіргі таңда тағы да 500 гектар жердің құжаттары рәсімделуде.Электрлендіруге подстанция қойылып, сымдары жүргізілді, 2 ұңғыма қазылды.

Бұдан бөлек, әкімшілік ғимараты мен қоймалық алаңдар салынды. Құны 600 млн. теңге болатын  6 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларына 780,0 млн теңгеге 1200 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы қашарлар сатып алу жоспарлануда.Жобаның іске асырылатын мерзімі 2019 жылдың ІV тоқсаны.

2)2019 жылы іске асырылатын жобаның бірі Төңкеріс ауылдық округіне қарасты 1000 басқа арналған «Жылқайдаров» мал бордақылау алаңы.Жобалық құны 270 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі күні мал бордақылау алаңының  мал бордақылайтын 1 баздың құрылыс жұмыстарын аяқтап, мал соятын пунктің және ашық қора жайлардың құрылысын бастауды жоспарлауда. Жобаның іске асырылатын мерзімі 2019 жылдың ІV тоқсаны.

3)2019 жылы іске асырылатын жобаның бірі Ақмая ауылына қарасты «Әсет» шаруа қожалығының 104 бас Қалмақ тұқымын өсіретін репродуктор шаруашылық болып құрылуы.

Бүгінгі күні Ресей Федерациясынан 120 бас Қалмақ тұқымы МІҚ аналықтары әкелінді. Бүгінгі күнге құны 76,2 млн. теңге болатын жоба іске асырылды.

4)2019 жылдың І тоқсанында жоспар бойынша іске асырылатын жоба Сұлутөбе ауылына қарасты «Әбдірәсіл» шаруа қожалығының 70 бас Қазақтың ақбас тұқымын өсіретін репродуктор шаруашылық болып құрылуы.Арал ауданынан 70 бас қазақтың ақбас тұқымы МІҚ аналықтары және элита сыныпты 3 бас асыл тұқымды бұқалар алынып асылдандыру жұмыстары жүргізілуде.Бүгінгі күнге құны 43,4 млн. теңге болатын жоба іске асырылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

2019 жылы Шиелі ауданына қаржылық агенттің операциялық қызметіне – 36 408,0 мың теңге бөлініп, «Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бөлінген бюджеттік кредиттер» 094 бюджеттік бағдарламасы бойынша  3 787 500 теңгеден  97 маманға барлығы 367 387 500 теңге қаржы бөлініп, 2019 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында 365 501 099 теңге игерілді. Қазіргі таңда 1 886 301 теңге қаржы қалдығы қалып отыр. №12 кредиттік шарттың негізгі міндеттерінің 2.2. тармағына сәйкес, кредитті игеру мерзімі Қарыз алушының есебіне Кредит аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 айды құрайды делінген.  Қазіргі таңда бюджеттік кредит алу үшін 270 маман кезектілікте тұр.

2017 жылдан бастап мамандарға көтерме жәрдемақы төленбеген. Себебі аталған жылдан  бастап жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы толығымен Сенім білідірген өкілге (агент) 2,5 % қызмет үшін төленіп отыр, кезектілікте 401 маман  тұр.

Видео ақпараттар

Scroll to top