ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді -- "БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының ..." -- 03 Шілде 2019
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі

  • Почта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі кенті, «Көкшоқы» мөлтек ауданы, Исатай Әбдікәрімов көшесі, №11.
  • Тел./факс: 8-724-32-35-5-02;
  • Электрондық пошта: E-mail:Zemkom_Shieli@mail.ru

«Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

erlanМеңлібеков Ерлан Талғатбекұлы Облыс әкімінің келісімімен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының  15 бабының 1 тармағына сәйкес  аудан әкімінің 2016 жылғы 10 қарашадағы №1335-ө өкімімен «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы 1985 жылы 11 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған. Білімі жоғары. 2008 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық университетін жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, 2012 жылы 
«Тұран Астана» университетін менеджмент бакалавр мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008-2010 жылдары «Sport line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы маман болып бастаған.

2010-2012 жылдары «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде инспектор;

2012-2015 жылдары «Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі инспекторы;

2015 жылдың 27 наурызынан бастап «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып келді. 

         Отбасылы.

 Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер реформаларын және жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жер заңдарын, жерді пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындау, қолайлы экологиялық ортаны жасау және табиғи ландшафттарды жақсарту, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру, жерді аймақтандыруды ұйымдастыру. 

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы

Басшы

35-5-63

2

Райымқұлова Ұлбосын Сарсенбекқызы

Бас маман

35-5-02

3

Сейтжанова Сырғаш Әбдімәлікқызы

Жетекші маман

35-5-02

Жалпы мәлімет

Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама: 

ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, ҚР-ның  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 24 бабының 4 тармағына, ҚР Президентінің 2000 жылдың 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ереженің 32 тармағына және ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 4 қазанындағы №1022 «Мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы», 2005 жылдың 27 желтоқсанындағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулыларымен, Шиелі ауданы әкімиятының 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы №1230 «Ауданның басқару құрылымы туралы» қаулысына сәйкес 2006 жылы 1 қаңтарда Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі құрылды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып 2006 жылдың 18 қаңтарында аудан әкімінің №760-ө өкімімен М.Дүйсебаев тағайындалды. М.Дүйсебаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты 2009 жылдың 23 қаңтарында аудан әкімінің № 320-ө өкімімен бөлім басшысы қызметіне Е.Абдыкалыков тағайындалды.Өз өтінішіне байланысты Е.Абдыкалыков 2010 жылдың 17 ақпанынан бастап қызметтен босатылды. Аудан әкімінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №764-ө өкімімен аудандық жер қатынастары бөлімінің басытығы міндетін атқару бөлімнің бас маманы Т.Әлтеновке жүктелді. 2010 жылдың 27 сәуірінен бастап аудан әкімінің №846-ө өкімімен бөлім басшысы қызметіне Г.Құлмырза тағайындалып, 2014 жылдың 27 тамызында зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды. Аудан әкімінің 2014 жылдың 27 тамызындағы №200-ө өкімімен бөлімнің бас маманы Т.Әлтенов бөлім басшысының міндетін атқарды. 2014 жылдың 6 қазанынан бастап аудан әкімінің №275-ө өкімімен Т.Әлтенов бөлім басшысы қызметін осы уақытқа дейін атқаруда.  

Ереже

"Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.
      "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Көкшоқы ықшам ауданы, И.Әбдікәрімов көшесі, № 11 индекс 120700.
      "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: 
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “"Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақт ауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады;
      2) жер ққойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
      3) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиісті өкілді органның бекітуіне әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      4) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
      5) арнайы жер қорын құру;
      6) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері: 
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      3) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;
      4) бөлім мүдделерін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
      5) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      6) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Шиелі ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы

 

 Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің 2019 жылдың  6 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы

 Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 гектарды құрайды.

Ауданның жер қорының санаттар бойынша бөлінуі:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 243,8 мың га;
  • елді мекен жерлері – 61,6 мың га;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 13,1 мың га;
  • орман қорының жерi – 1 663,6 мың га;
  • су қорының жерi – 18,6 мың га;
  • босалқы жер – 1 239,1мың га.

Бөлімге осы кезеңде 50 жеке және 4 заңды тұлғалардың өтініштері келіп түскен, оның 45-і қанағаттандырылып, 9-ы заңға сәйкес түсініктеме берілген. Сонымен қатар аудан әкімдігі арқылы 129 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсіп, оның 61-і қанағаттандырылып, қалған 68-іне заңға сәйкес түсініктеме берілген.

Жерге орналастыру жобасын бекіту, жер учаскесінің көлемін қайта бекіту, жер учаскесінің бөлінетінін танып беру, жер учаскесін екіге бөлу, жер учаскесін біріктіру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесінің бағалық құнын анықтау сияқты 560 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіліп келеді.

Жалпы жыл басынан бері аудан көлемінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлік мақсатта  24 жер телімі жеке меншік және жалдау құқығы арқылы ҚР азаматтарына табысталды.

Аталған сатулар бойынша 12 936 337 теңге көлемінде жергілікті бюджетке қаржы түсімі түсті.

Шиелі кентінен жер телімін алуға өтініш білдірген азаматтар тізімі бүгінгі таңда 7142-ні құрап отыр. Оның ішінде инфрақұрылым жүргізілген дайын алаңнан (Береке мөлтек ауданынан) 300 өтініш қанағаттандырылды. Қазіргі таңда инфрақұрылым жасалынған қалған мөлтек аудандар бойынша 200-ге жуық өтінішті қанағаттандыру мақсаты тұр. Шиелі кентіндегі арнайы жер кезегіне тұрған азаматтардың өтініштері тым көп болуынан, өтініш иелері келісім берген жағдайда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кентке жақын ауылдық округтерден жер учаскесін табыстау мүмкіндіктері қарастырылуда.

Елбасының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі қолда бар жер қорына талдау жасау (ревизиялау) туралы тапсырмасына сәйкес

Тапсырмаға сәйкес Шиелі ауданы әкімінің 16.03.2017 жылғы №1441 өкімімен жұмысшы топ құрылып, 2018 жылы Шиелі кентінің жерлері мен өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлерге түгендеу (ревизиялау) жұмыстары жүргізілді, анықталған айырмашылықтар толығымен түзетілді.

2017-2019 жылдарға елді мекендер шекараларын белгілеудің Жол картасының орындалу барысы.

Жол картасын іске асыру мақсатында 2019 жылға 22 елді мекеннің Шиелі кентін қоса алғанда шекарасын анықтауға 10 000,0 мың теңге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне түсірілді. Қазіргі таңда 11 елді  мекендерінің  шекарасын кеңейтуге жерге орналастырудың жобасы жасалып, бекіту жұмыстары жүргізілуде.

 

жер учаскесі табысталған тұлғалардың тізімі

 

2019 жылдың 6 айында Шиелі аудан әкімдігімен жер учаскесі табысталған тұлғалардың тізімі

Жер учаскесін алған тұлғаның атауы

Негізі

Қаулы

Нысаналы мақсаты

Алаңы, га

Орналасқан жері

Құқық түрі

Жалға алу мерзімі

1

Абенова Жумакуль Аманжоловна

№385

10.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

3000,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Сарысу» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

2

Таубаев Мәлікаждар Омарұлы

№391

16.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

100,0 га

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, «Қарашоқы» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

3

Бақытбек Расул Талғатұлы

№395

30.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі , «Сәдір сарайы» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

4

Туғанбеков Қалмұрат Алтынбекұлы

№396

30.04.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Сарысу» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

5

«Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ

№403

08.05.2019 жыл

Тұқым бағы үшін

17,0 га

Шиелі ауданы, Шиелі-Алмалы трассасы бойында

Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы

6

Мұханов Сәбит Беркінбайұлы

№409

21.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1,0 га

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық  округі, Бидайкөл ауылы

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

7

Мыханов Нурхан Кемелбекулы

№411

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

300,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Қосқұдық» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

8

Мыханов Төребек Жұмабайұлы

№412

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

300,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Алма бақ» өңірі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

9

Ранов Сәрсембек Алдахиярұлы

№413

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

10

Раманқұлова Қалкүл Айдарқызы

№414

28.05.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

100,0

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Ақтам» өңірі

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

2052 жылдың 20 маусымына дейін

11

«РУ-6» ЖШС

№419

21.06.2019 жыл

Уран өндіру аймақтары үшін

179,68 га

Шиелі ауданы, «Сол түстік Қарамұрын»

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

2022 жылдың 15 қарашасына дейін

12

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі «2019 әскери бөлімі»РММ

№420

21.06.2019 жыл

«Шиелі» шекара комендатурасының ату алаңы үшін

350,0 га

Шиелі ауданы

Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы

 

Шиелі ауданы әкімдігімен жер учаскесі табысталған тұлғалардың тізімі

2019 жыл 

Жер учаскесін алған тұлғаның атауы

Негізі

Қаулы

Нысаналы мақсаты

Алаңы, га

Орналасқан жері

Құқық түрі

Жалға алу мерзімі

1

Ранов Сәрсембек Базарбайұлы

№349

24.01.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

1000,0 га

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

2

Әбдіраман Қазыхан Әділханұлы

№359

18.02.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

200,0 га

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

3

Анламасов Қыпшақбай

№360

18.02.2019 жыл

Шаруа қожалық жүргізу үшін

150,0 га

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі

Уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығы

5 жыл

4

Қасымов Мұңайтпас Ақзанұлы

№370

04.03.2019 жыл

Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін

0,15 га

Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

3 жыл

5

«РУ-6» ЖШС

№371

04.03.2019 жыл

Кен орындарынан уран өндіру аймақтары үұшін

12,45 га

Шиелі ауданында орналасқан

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

3 жыл

Видео ақпараттар

Scroll to top